Версия для печати

ҮНДЕУ «ҚАРТТАРЫМЫЗДЫ ҚАМҚОРЛАЙ ЖҮРЕЙІК» акциясына қатысуға шақырамыз!

Среда, 21 Сентябрь 2022 04:58 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 754 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Құрметті қазақстандықтар!

1 қазан – Халықаралық қарттар күні жақындап келеді. Бұл күн біздің аға буынға ризашылығымызды білдіріп, шынайы көңіл бөлуімізге мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың қажеттіліктеріне назар аударуға жақсы себеп. Қарияларды қолдау, оларға қамқорлық көрсету аға буынға көрсеткен парызымыздың аз ғана бөлігі. «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жыл сайын елімізде қазан айында «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» акциясы дәстүрлі өтіп келеді. Қазақ халқының дәстүрінде үлкенді сыйлап, ақылын тыңдап, алдынан кесе көлденең өтпеген.

 

Елімізде қарт адамдарға деген қамқорлық жыл сайын артып келеді. Мемлекетіміз қарт адамдарға деген қамқорлықты экономикалық дағдарыс кезінде де тоқтатқан емес. Дегенмен, елімізде әлі де болса әлеуметтік көмекке мұқтаж егде адамдар бар. Әлемді жайлаған экономикалық қиындықтар біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Бүкіл әлем күрделі әрі маңызды кезеңді бастан өткізуде.
Кейбір қариялар жасы ұлғайған шағында жылулық пен мейірімге зәру. Барлық қазақстандықтарды, жұмыс берушілерді, бизнес құрылым өкілдерін, аға буынның ел игілігіне қосқан еселі еңбегін ұлықтауға, «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» айлық акциясына атсалысуға шақырамыз.
Өз елінің патриоты ретінде акцияға бей-жай қарамайтын азаматтар жергілікті әкімдіктермен, өңірлік ардагерлер кеңестерімен байланысқа шығып, үлестерін қосады деп сенім білдіреміз.

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.