Қалада 216,2 мың адамға қызмет ұсынылды, соның ішінде 15,7 мыңы шетелден келушілер. Сапармен келгендердің 14,4 мыңы жеке мақсатта, 1,3 мыңы іскерлік және кәсіби мақсатпен келгендер. Қалаға келушілерге 3636,7 млн. теңге көлемінде қызмет көрсетілді.
Орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі (мейрамханалардың көрсетілетін қызметтерін қоспағанда) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,7 % артты. 2018 жылдан осы кезеңге дейінгі келушілердің санының динамикасы жылдан жылға қалаға келушілердің арта түскенін көрсетеді.
Р. Елик,
Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық
статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің Қызмет көрсету саласы статистикасы басқармасының бас маманы