Іс-шара аясында бақылау-қадағалау органдары кәсіпкерлер алдында есеп береді және олармен мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі идеяларды талқылайды.
Кездесуге Шымкент қаласының әкімдігі, прокуратура органдары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ, Шымкент қаласындағы басқа да бақылау-қадағалау органдарының өкілдері қатысады.
Кәсіпкерлерді осы мүмкіндікті пайдаланып, бақылау-қадағалау органдарына сұрақ қоюға шақырамыз.
«Бірыңғай есеп күні» 2022 жылдың 29 қыркүйегі күні сағат 15:00-де Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратында (үлкен мәжіліс залы, 2-қабат) өткізіледі.