Версия для печати

Бақылау-қадағалау органдары есеп береді

Среда, 21 Сентябрь 2022 05:11 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 579 раз
Оцените материал
(0 голосов)

2022 жылдың 29 қыркүйегі күні Шымкент қаласында «Бірыңғай есеп күні» өтеді. Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты заңнама талаптарын бұзудың алдын алу, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

 

Іс-шара аясында бақылау-қадағалау органдары кәсіпкерлер алдында есеп береді және олармен мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі идеяларды талқылайды.
Кездесуге Шымкент қаласының әкімдігі, прокуратура органдары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ, Шымкент қаласындағы басқа да бақылау-қадағалау органдарының өкілдері қатысады.
Кәсіпкерлерді осы мүмкіндікті пайдаланып, бақылау-қадағалау органдарына сұрақ қоюға шақырамыз.
«Бірыңғай есеп күні» 2022 жылдың 29 қыркүйегі күні сағат 15:00-де Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратында (үлкен мәжіліс залы, 2-қабат) өткізіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.