Биологиялық қауіпсіздік - толыққанды өмірдің негізі!

Понедельник, 26 Сентябрь 2022 10:47 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1400 раз

2022 жылғы 21 мамырда ҚР-да "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" №122-VII ҚРЗ Заңы қабылданды. Заң биологиялық қатерлердің алдын алуға бағытталған.

 

Негізгі биологиялық қауіптер:
- Әлеуетті қауіпті биологиялық нысандарға әсер ететін төтенше жағдайдың туындауы.
- адам мен жануарлардың аса қауіпті инфекциялық ауруының жағдайы;
- халықтың, жануарлардың инфекциялық аурушаңдығының және инфекциялық аурулардан болатын өлім-жітімнің орташа статистикалық деңгейінің артуы;
- өсімдік ауруларының таралуы;
- адам, жануар немесе өсімдік ағзасында инфекциялық процесті тудыруға қабілетті патогенді биологиялық микроорганизмдермен, биологиялық және өсімдік тектес улармен жұмыс істеу кезінде туындаған жағдай;
- ағзада инфекциялық процесті тудыруға қабілетті патогенді биологиялық микроорганизмдерді, биологиялық және өсімдік тектес уларды пайдалана отырып терроризм және (немесе) диверсия актілері.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтаудағы негізгі бағыт ҚР-дағы халықтың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл адамдар мен табиғи ортаның жекелеген компоненттерінің (атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулары, жер беті мен топырақ қабаты, өсімдіктер мен жануарлар әлемі және басқа организмдер) қауіпті биологиялық факторлардан қорғалуы.
Әлемде адам, жануар немесе өсімдік ағзасында инфекциялық ауруды тудыруға қабілетті патогенді биологиялық микроорганизмдермен, биологиялық және өсімдік тектес улармен зерттеулер жүргізетін биологиялық зертханалардың (биологиялық объект) көп санының пайда болуына байланысты аса қауіпті аурулардың туындау қаупінің биологиялық қаупі артады.
Биологиялық қаруға мыналар жатады:
- патогенді микроорганизмдер;
- спорлар;
- вирустар;
- бактериялық токсиндер.
Биологиялық қауіпсіздіктің алдын алу келесі профилактикалық іс-шараларға бөлінеді:
1) жалпы (биологиялық қатерлерді мониторингтеу және талдау, тиісті қызметтердің әзірлігін қамтамасыз ету, биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарды сақтау, биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, жалпы білім беретін оқу орындарында биологиялық қауіпсіздік мәселелерін зерделеу);
2) биологиялық қатер көзіне бағытталған қауіптер;
3) қауіпті биологиялық факторға бағытталған факторлар болып табылады;
4) қабылдағыш организмге бағытталған (халықты профилактикалық медициналық қарап-тексеруді жүргізу, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру, иммундау және алдын ала химиялық дәрілермен емдеу, аса қауіпті инфекциялық ауруларды тудыратын биологиялық агенттермен жұмыс істейтін адамдарды жеке қорғаныш құралдарымен, медициналық, ветеринариялық және ғылыми қызметтегі мамандарды қамтамасыз ету).
Биологиялық қауіпсіздік бойынша мәселелер аса қауіпті аурулардың пайда болуы мен таралуын болдырмау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халқының өмір қауіпсіздігі үшін тиісті қызметтердің қатаң бақылауында!

Б.МУСАЕВА,

Шымкент қаласының СЭБД бөлім басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.