ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Среда, 28 Сентябрь 2022 09:43 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 532 раз

Өрттің шығу себебі қарапайым болып көрінгенімен, бұл қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан, электр жабдықтары мен электр құралдарын дұрыс қолданбаудан, пештер мен түтіндіктердің ақаулығынан пайда болады.

 

Өрт көбінесе адамдардың отқа немқұрайлы қарауынан орын алатыны көпшілікке мәлім. Тәжірибе көрсеткендей, өрттің басым бөлігі адами фактордың себебінен болады. Өрт санының қыс мезгілінде күрт өсетінін атап өту қажет. Облыс тұрғындарының басым бөлігі қыс мезгілінде пеш жағатынын ескерсек, пешті жабдықтау мен қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтын көптеген тұрғындар өз үйлерімен жақындарының өмірлерін қауіп-қатерге тігеді.
Құрметті тұрғындар! Тұрғын үй секторында өртті болдырмау үшін төмендегі қарапайым ережелерді сақтау қажет:
— тек отқа төзімді кірпіштен қаланған пешті жағу, сонымен қатар оның алдына темірден жасалған қаптама қағу қажет;
— жылыту маусымының алдында пешті тексеріп, жөндеу және ыстан тазалау керек;
— пешті жағу үшін тез жанғыш сұйықтықтарды (бензин, керосин) пайдалануға тыйым салынады;
— жанып тұрған пешті қараусыз қалдыруға, сонымен қатар оның қарауды кішкентай балаларға тапсыруға болмайды;
— пештің алдындағы қаптаманың үстінде көмір мен ағаштарды сақтауға тыйым салынады.
— пешті қатты қыздыруға болмайды.
Осы ережелерді қатаң сақтау ғана Сізге өміріңіз бен денсаулығыңызды, үйіңіз бен мүлігіңізді сақтап қалуға көмектеседі.

Б. Әбілқасым,
Абай ауданы төтенше жағдайлар басқармасының
инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « ГАЗБЕН УЛАНУ – ҚАУІПТІ ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ »