Версия для печати

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Пятница, 17 Март 2023 04:31 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 587 раз
Оцените материал
(0 голосов)

2023 жылғы 1 ақпандағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

 

enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ-ның зейнетақы активтерін басқаруы туралы есеп жарияланған. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kzсайтындағы«Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөліміндеорналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. Бұрын хабарланғандай, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 14,9 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 14 845,94 млрд теңгеге тең. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,57 млрд теңгені құрады.

 

 

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

Негізгі инвестициялардың ағымдағы құрылымы мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 47,96%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 11,27%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары мен депозиттері – 7,63%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,47%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 2,52%, қазақстандық эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 0,11%.

Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мынадай көрініске ие: ұлттық валютадағы инвестициялар – 71,63%, АҚШ долларында – 28,31%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,05%. Алынған кірістің құрылымын талдай отырып, бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 111,01 млрд теңгені, өзге кірістер – 0,21 млрд теңгені құрағанын көруге болады. Ал сыртқы басқарудағы және шетел валютасын қайта бағалауға байланысты құралдар 45,03 млрд теңге көлемінде шығын әкелді. Бұл биылғы жылы алынған инвестициялық табысқа геосаяси факторлардың әсерін растайды. Дегенмен, 2023 жылдың қаңтарындағы жалпы табыс оң.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыс мөлшері 2023 жылдың басынан бастап 66,19 млрд теңгеге жетті.

Геосаяси жағдайдың шиеленісуі, жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі, инфляцияның жеделдеуі, сондай-ақ дамыған және дамушы елдердің облигациялары бойынша кірістіліктің өсуі аясында 2023 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 0,44% тең болды.

Бұл ретте 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін зейнетақы активтерінің табыстылығы соңғы 12 айда (2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы қаңтарға дейін) 6,93 % көрсетті.

Зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа уақыт аралығындағы кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайтынын атап өту маңызды. Зейнетақы активтері ұзақ инвестициялық көкжиекпен сипатталады. Оларды инвестициялаудың негізгі мақсаттарының бірі – ұзақ мерзімді кезеңде нақты кіріс алу. Зейнетақы активтерін шоғырландыру аяқталған 2014 жылғы сәуірден бастап 2023 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңде жинақталған кірістілік – 116,88%. 2014 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі 9 жыл ішінде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі жылдық мәнде 9,33% тең.

ҚР ҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру моделі жұмыс істейді. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы қаражаттың жалпы көлемі – 9,57 млрд теңге.

01.02.2023 ж. жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 4,29 млрд теңгені құрады. Компанияның ең маңызды салымдары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – портфельдің 31,52%; ҚРҰБ ноттары – 29,17%, ҚР ҚМ МБҚ – 20,56%. Шоттардағы ақшалай қаражат көлемі – 10,10%. Айта кетейік, портфельдің 59,57% теңгемен; 40,43% - АҚШ долларымен ұсынылған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2023 жылғы қаңтарда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 106,19 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі-2,40%.

«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

«Halyk Global Markets» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері2,68 млрд теңге. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: «кері РЕПО» (90 күнтізбелік күннен аспайды) 54,77%; шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) - 13,2%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары - 12,45%; мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар – 6,66%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 79,32%, АҚШ долларымен20,68% құрады.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы қаңтарда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 62,26 млн теңгеге жетті. 2023 жылдың басынан бергі зейнетақы активтерінің кірістілігі – 2,20% тең.

«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған

«BCC Invest» АҚ сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері 1,57 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: ҚР мемлекеттік облигациялары – портфельдің 49,61%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 21,52%; пайлар (индекстерге арналған ETF) – 9,09%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 78,4%, АҚШ долларымен – 21,6%инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы қаңтарда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 31,06 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі1,89%. Есептелген инвестициялық кірістің көп бөлігі "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақыға және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен табыстың еншісінде.

«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 1,01 млрд теңге. Активтердің 68,48% ҚР ҚМ МБҚ-ға инвестицияланған; инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 11,93%; квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 8,74%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 79,33%, АҚШ долларымен – 20,67% инвестицияланды.

Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2023 жылғы қаңтарда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері – 5,58 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің 2023 жылғы қаңтарда көрсеткен кірістілігі – 0,52% болды.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептеледі.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Последнее изменение Пятница, 17 Март 2023 04:41
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.