Версия для печати

Шымкент қаласындағы орналастыру орындарының қызметі туралы

Пятница, 17 Март 2023 04:58 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 582 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Еліміздің үшінші мегаполисі мәртебесін иемденген Шымкент қаласына әртүлі мақсатта келушілер саны жылдан жылға артып отыр. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Шымкент қаласына келушілерді орналастырумен шұғылданатын (қонақ үйлер, хостелдер) орналастыру орындарның саны 147 бірлікті құрады. Ондағы орналастыру орындар саны 2869 бөлме, 5552 төсек-орын.

 

2022 жылдың тоғыз айында қалада 311,9 мың адамға қызмет ұсынылды, соның ішінде 25,1 мыңы резидент еместер, яғни шетелден келушілер. Сапармен келгендердің 23 мыңы жеке мақсатта, 2,2 мыңы іскерлік және кәсіби мақсатпен келгендер. Қалаға келушілерге 5331,6 млн. теңге көлемінде қызмет көрсетілді.

Орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі (мейрамханалардың көрсетілетін қызметтерін қоспағанда) 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,5% артты.

                                                                                      

Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент

қаласы бойынша департаментінің қызмет көрсету саласы

статистикасы басқармасының бас маманы Елик Р.Т.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.