Версия для печати

«Бұл — менің алғашқы сайлауым»

Воскресенье, 19 Март 2023 02:39 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 288 раз
Оцените материал
(0 голосов)

WhatsApp Image 2023-03-19 at 08.29.31

ҚР Парламенті мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы республиканың барлық өңірінде қарқынды өтіп жатыр.  Өңіріміздегі іргелі ЖОО-ның бірі ОҚМПУ-дің студенттері де өз таңдауларын жасап жатыр.

Әл-Фараби ауданында орналасқан №98 сайлау учаскесінің сайлаушысы, болашақ биолог Ақерке Тұрғынбек алғаш рет саяси науқанға қатысып отыр.

— Бұл — менің алғашқы сайлауым. Түркістан облысы Түлкібас ауданының тумасымын. 18 жасқа толып, сайлауға қатысу құқығына жеткеніме қуаныштымын. Жастар — еліміздің болашағын қалыптастырушы буын. Сондықтан партиялардың сайлауалды бағдарламаларымен танысып, өз таңдауымды жасадым. Себебі, біздің таңдауымыз — еліміздің ертеңі үшін өте маңызды. Әрқайсысымыз еліміздің жарқын болашағы үшін үлкен жауапкершілік танытқанымыз абзал. Сайлауда белсенділік таныту арқылы еліміздің дамуына кішкентай болса да үлес қостым деп есептеймін, - дейді ОҚМПУ 1 курс студенті Ақерке Біржанқызы.

Айта кетейік, ОҚМПУ орналасқан №98 сайлау учаскесінде 2100 сайлаушы тіркелген. Олардың қатарында Әл-Фараби ауданының аумақтағы тұрғындары мен ОҚМПУ студенттері бар.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.