Версия для печати

Шымкент: 330 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Воскресенье, 19 Март 2023 04:08 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 685 раз
Оцените материал
(0 голосов)

WhatsApp Image 2023-03-19 at 09.55.06

Шымкент қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев БАҚ өкілдеріне сайлау барысын баяндады.

— Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Шымкентте сайлау республиканың өзге өңірлеріндегідей заң талаптарына сай,  таңғы сағат 7-де басталды. Алайда қаладағы 330 сайлау учаскесінің екеуі әскери бөлім.  Олардың ерекшелігі сол,  сайлау бір сағат ерте,  таңғы сағат 6.00-де басталды.  Сонымен қатар,  сайлау учаскелерінің жұмысын тек аккредитациядан өткен байқаушылар мен кандидаттардың сенімді өкілдері бақылай алады. Біз 3 қоғамдық ұйым мен партиялардың байқаушыларын тіркеуден өткіздік. Олар байқаушы куәлігін көрсетуі тиіс.  Сенімді өкілдер де куәлігін көрсетіп,  байқаушылармен бірдей қатыса алады.  Яғни,  құқығы тең. Байқаушылар мен сенімді өкілдерге ешқандай кедергі жасалып жатқан жоқ,- деді Қ.Құнанбаев.

Айта кетейік,  Шымкент қаласы бойынша 330 сайлау учаскесінде 639 663 сайлаушы тіркелген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.