Версия для печати

Шымкенттік ардагерлер сайлауда белсенді болуға шақырды

Воскресенье, 19 Март 2023 05:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 646 раз
Оцените материал
(0 голосов)

WhatsApp Image 2023-03-19 at 11.02.18 1

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ғимаратындағы №101 сайлау учаскесінде шешуші сәттен қалмай бір топ ардагер өз таңдауын жасады. Олардың алдының жасы, ең қартының жасы 90-ды алқымдаған. Балаларымыздың ертеңі бүгін сайланатын халық қалаулыларына және олар қабылдайтын заңдарға тікелей байланысты, дейді ақсақалдар.

– Шымкент қаласы ардагерлер кеңесіндегі азаматтар қандай да бір сайлау өтпесін, шет қалған емес. Себебі, аға буын мұндай саяси науқанның маңыздылығын жақсы біледі. Бүгінгі таңдау – Жаңа Қазақстанға бетбұрыстың бір қадамы. Сондықтан сайлаудың әділ өтуі маңызды. Қалалықтарды белсенді болып, науқанға үнін қосып, дауыс беруге шақырамын, - деді қария Шәки Құлжанов.

Сайлау учаскесі берген мәліметтерге сүйенсек, таңнан бері мұнда 100-ден астам сайлаушы өз таңдауын жасаған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.