Версия для печати

Мұхтархан Ділдәбеков сайлауға отбасымен келіп дауыс берді

Воскресенье, 19 Март 2023 07:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 782 раз
Оцените материал
(0 голосов)

WhatsApp Image 2023-03-19 at 12.42.13Шымкентте белгілі спортшылар да сайлауда белсенділік танытып жатыр. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков отбасымен бірге келіп, № 269 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады.

Мұхтархан Қобыланбекұлы қала тұрғындарын, спортшылар қауымын маңызды іс-шарадан қалыс қалмауға шақырды.

–  Бүгінгі саяси додада азаматтар белсенділік танытып жатыр. Халықтың көңіл-күй жақсы. Бүгінгі сайлаудың еліміздің болашағы үшін маңызы зор. Сол себепті де біз іс-шараға отбасымызбен келдік. Сайлау бұқара болып шешім шығаратын маңызды саяси мереке.

Еліміз дамуына әрбіріміз бірлесе атсалысайық, – деді белгілі спортшы.

Айта кетсек, № 269 сайлау учаскесінде 2501 сайлаушы тіркелген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.