Версия для печати

Шымкент Наурызды қалай атап өтуде: Жаңа ипподром және 100 млн теңгелік жүлде қоры бөлінген Great Qazaq Games Избранное

Вторник, 21 Март 2023 09:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 749 раз
Оцените материал
(0 голосов)

0CE0A68A-933A-4075-AB4C-A6ACA92A4FBA

Көктемгі Наурыз мейрамы қарсаңында Шымкенттегі Бозарық ауданында жаңа ипподромның ресми ашылуы өтті. Іс-шара ауқымды Great Qazaq Games ұлттық ойындарына ұласты.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов құттықтау сөз сөйледі:⁣⁣⠀
​⁣⁣⠀
Бүгін ел игілігіне тапсырылып отырған жаңа ипподром қаламызда ғана емес, еліміздің ат спорты индустриясының дамуына жол ашады деп нық сеніммен айта аламыз. ​Осы орайда жаңа ипподромды қаламызға сый ретінде тарту еткен BI Group компаниясына Шымкент тұрғындарының атынан алғыс білдіреміз.⁣⁣

B55D612E-00D1-4AEB-A656-4ECE077C24A1
⁣⁣⠀
Ипподромның артықшылықтары ретінде:⁣⁣
- 39 га жерді алып жатқан кең аумақты;⁣⁣⠀
- аттар мен шабандоздардың қауіпсіздігі үшін арнайы амортизациялық қоршаумен қоршалған ұзындығы 2012 метрге созылған ат жарыс жолын;⁣⁣⠀
- 54 жылқыға арналған ат қора мен жазғы үй, киім ауыстыратын және ат спорты алаңы бар манеж, атпен қарғып өтетін және көкпар алаңдары, жылқыларды серуендетуге арналған 6 шалғын жер, ветеринарлық бөлімшені;⁣⁣⠀
- ашық террасасы бар 1500 көрерменге арналған трибунаны;⁣⁣⠀
- 340 көлікке арналған көлік тұрағы, қосалқы үй-жайлар мен 6 мыңнан астам егілген ағашты;⁣⁣⠀
- кварц құмымен толтырылған алаңқайлар, табиғи тастар қойылған жеке жасыл аймақ, жас көшеттер мен күркелерді атауға болады.⁣⁣

Нысанды BI Group құрылыс компаниясы салды. 20 айда бой көтерген жаңа ипподром – Қазақстандағы ең үлкен ипподром.⁣⁣⠀

BI Group Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев:⁣⁣⠀
Осы өңірдің балаларына жақсы, заманауи жағдайда кедергілерді атпен қарғып өтумен айналысуға мүмкіндік беретін бұл жобаны жүзеге асыру біз үшін үлкен мәртебе болды. Нысанды уақытында тапсыру үшін тәулік бойы жұмыс істеген құрылыс бригадасы қыруар жұмыс атқарды. Компания уәде еткендей, біз бұл ипподромды Шымкент қаласына сыйлық ретінде өз қаражатымызға салдық. Жаңа ипподромның салынуымен ат спортының болашағы зор боларына сенімдімін!⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Ата-аналар мен олимпиадалық резервтегі ат спорты мектебінің өкілдері де компанияға жаңа ипподромда жаттығу жасауға мүмкіндік бергендері үшін, сондай-ақ Шымкент пен Түркістан облысының командасын оқу-жаттығу жиындарына жіберуге демеушілік көрсеткені үшін алғыс білдірді. Осы қолдаудың арқасында спортшылар Қазақстан-2022 жаһандық туры аясында 7 жүлделі орынды және «Almaty Horse & Polo Club кубогы» аясында 3 жүлделі орынды иеленді. Естеріңізге сала кетейік, қоғам қайраткерлері мен спортшылар ескі ипподром инфрақұрылымының ескіруіне және жарамсыздығына байланысты ат спорты үшін заманауи орын қажет екенін бірнеше рет атап өткен болатын.⁣⁣⠀

D7DA0DBA-4245-43D3-BD44-DEE608E355C0

Ұлы Қазақ ойындары⁣⁣ Салтанатты шараның алғашқы күнінде-ақ ипподром 4000-ға жуық адамды қызықтырған орталыққа айналды. Great Qazaq Games ұлттық ойынына 17 облыс пен республикалық 3 ірі қаладан қонақтар қатысты. Сонымен қатар іс-шараға Қырғызстан, Өзбекстан және Әзірбайжаннан да спортшылары келді.⁣⁣⠀

Фестиваль 22 наурызға дейін ұлттық спорт түрлері, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер, ұлттық шығармашылық секілді төрт номинация бойынша байқау форматында өтеді. Ойындардың жүлде қоры 100 000 000 теңгені құрайды.⁣⁣

BBCECC46-54A5-4284-8FA7-532BF51FEB9E

Іс-шара барысында барлық келген қонақтар үшін ипподром жанынан сауда алаңдары, ұлттық тағамдары бар мекемелер, әртістер мен сәнгерлерге арналған сахналар, балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық алаңдары, сондай-ақ шеберлік сағаттары, қолөнершілердің көрмелері мен жәрмеңке өткізілетін 160 киіз үйден тұратын этникалық ауыл ашылды.⁣⁣⠀

Great Qazaq Games бірегей жобасы Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Шымкент қаласы әкімдігі мен құрылыс компаниясының қолдауымен жүзеге асты.

Последнее изменение Вторник, 21 Март 2023 09:38
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.