Мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәні зор

Пятница, 02 Июнь 2023 04:50 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 933 раз

Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздерміз де дүниеге келді. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын «4 маусым – Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні» ретінде мерекеленеді.

211

 

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігі бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Рәміздеріміз бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Сондай-ақ, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашағын үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәні зор. Жай ғана мысал, Олимпиада ойындарындағы өз спортшылармыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіруі әрбір азамат үшін зор мақтаныш, үлкен эмоция тудырады. Ол ұлттық патриотизмді және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қызметі ерекше екені даусыз. Ұлттық дүниемізде халқымыздың бүкіл бастан кешкен тарихы, бүтіндей мәдениеті жатыр. Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік рәмізбен елімізді әлемге танытуға болады.
Қорыта айтқанда, еліміздің ежелден аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздерінің бектілуі болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндет болып табылуы тиіс.

Майра МАМАТАЕВА,
Шымкент қаласы Әділет департаментінің бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.