Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған ұлдар кеңесі өтіп жатыр. Парасат колледжінде өткен «Ұлт тәрбиесі – ұл болашағы» атты ұлдар кеңесіне Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығының психиатр-наркологы Раушан Асанқызы, қалалық №13 емхананың Жастар денсаулық орталығының уролог-андролог дәрігері Данияр Бабаханов, Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Карбеков қатысты.
Іс-шара барысында ұлдарымыз болашақ әке болатындықтан оларға зиянды әдеттерге жоламау, денсаулығын күтіну, бойларына қазақ жігіттеріне тән жақсы қасиеттерді сіңіру тақырыбында әңгіме өрбіді.
Сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға көңіл бөлу, ішімдік пен темекінің зияндығы жөнінде мамандар қажетті мәліметтер берді.
Шымкент көпсалалы колледжінде «Әкеге қарап ұл өсер» тақырыбында өткен кеңесте құқық бұзушылық, нашақорлық, буллингтің алдын алу, сонымен қатар ұлдар тәрбиесі жөнінде түсіндірмежұмыстары жүргізілді.
Игі шарада тәжірибиелі психиатр-нарколог, уролог, шекара басқармасының өкілі, полиция департаменті қызметкерлері өмірлік ақыл-кеңестерімен бөлісті. Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, дәстүрімізге байланысты әкенің беделін ұғындыру бойынша маңызды әңгімелер айтылды.
Атап өтейік, ұлдар кеңесі қаладағы басқа да оқу ордаларында жалғасады.
«ШК-ақпарат»