Ғылымда психоэмоционал ауытқуды – «эмоциялық күйзеліс» дейді. Ол адамның ұйқысына, жүйке жүйесі мен гормондар қызметіне кері әсер етеді. Ал психосоматика ауытқуы кезінде адам буын және омыртқа ауруы, тыныс алу жолдарының нашарлауы, созылмалы аллергияның асқынуы секілді кәдімгі сырқат белгілеріне ұшырайды. Психоаналитика мамандарының айтуынша, төтенше жағдай кезінде психика мен сананың зақымдануы тән ауруынан да маңызды болады екен. Болып жатқан оқиғаның көлемі, әсері неғұрлым айқын болса, ол көрініс адамның жанында соғұрлым ұзақ өмір сүреді. Бірақ төтенше жағдайға тап болған барлық адамның қабылдау психикасы бірдей болмайды. Бір жан дереу өзінің ішкі ресурстарын топтап, шешім қабылдауға дайын болса, екіншісінің жұмыс қабілеті, керісінше, төмендеп кетеді немесе мүлдем тоқтайды, денсаулығы нашарлап, физиологиялық және психологиялық тұрғыдан кері кетеді. Бұған ғылымда «актив» және «пассив» қабылдау деген анықтама берілген. Тұлға бойындағы күйзеліс адам ағзасының жеке ерекшелігіне, тұқым қуалауға, тәрбиеге, тіршілік және еңбек жағдайына, темпераментіне және эмоционал көңіл күйіне байланысты жүретінін айтып өтті. Төтенше жағдай кезіндегі адам бойындағы күйзелістің созылмалы ауруын «психоген реакциялар» немесе «психоген ауытқулары» деп атайды. Оған қатты қобалжу, әбігерлену, тұйықталу, айналасында болып жатқан оқиғаларды естімеу, көрмеу жатады. Экстремал жағдайда адам өз ырқынан тыс әрекеттер жасап, істеген ісіне есеп бере алмайды. Адамда эмоцияның көп болуы ақыл-ойдың жұмысына зақым келтіреді екен. Осы уақытта адам эмоцияға берілмеудің жолын іздеуі қажет. Ішіміздегі астан-кестен болып жатқан эмоциялар үшін өзгелерді кінәлауға болмайды. Сондықтан өзімізді жаман ой, жағымсыз әдеттермен қымтамай, эмоцияға берілмеуге тырысу керек. Маман психологиялық қолдау көрсету кезеңінде «жеке тұлғаның мүдделерін қорғау», «зиян тигізбеу», «еріктілік», «кәсіби мотивация», «құпиялық» және «тыныштық» принциптері жіті қадағалауда ұстау қажет. Жедел көмек көрсету кезінде зардап шегуші төтенше жағдай туындаған келесі факторлардан зардап шегетінін есте ұстаған жөн екен. Күтпеген жайт,оқиға қаншалық кенет болса, зардап шеккендер үшін бұл соғұрлым жойқын болады. Мысалы, су тасқынының жақындауы немесе террористердің шабуылын атай аламыз. Бақылаудың болмауы,экстремалды жағдай кезіндегі оқиғаларды ешкім басқара алмайды. Адам күнделікті өмірдегі ең қарапайым оқиғаларды басқара алуы үшін көп уақыт жұмсайды. Ал бұл бақылаудан ұзақ уақытқа созылса, тіпті, жігерлі және білікті адамдардың өзі «үйренген дәрменсіздіктің» белгілерін көрсетуі мүмкін. Бұған еліміздегі соңғы жағдайларды мысал ретінде келтіруге болады. Уайым мен шығын, төтенше жағдай уақытында адам баласы зардап шегушілер мен апат құрбандары туралы ақпаратты естіп, есеңгіреп қалады. Сол уақытта жақынынан айырылған оның көңіліне қаяу түседі. Ұзақ уақыт күйзелістен шыға алмаған соң, қоғамдағы әлеуметтік рөлін жоғалтып алуы әбден мүмкін. Мораль тұрақсыздығы, апат құрбаны өмірін өзгерте алатын құндылықтар жүйесіне қатысты шешім қабылдау қажеттілігіне тап болады. Бұл бойынша зардап шегуші «енді не істеймін?», «қорқамын», «моральдік тұрғыдан шаршадым», «әрі қарай не болады?» деген сұрақтар қояды. Экстремал жағдайдағы психология – жалпы бұл саланың негізгі бағыты екенін айтады Елдегі соңғы ахуалдан кейін экстремал жағдайдағы психология зерттеуді қажет ететінін жақсы түсінікберді.
ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы
ММ-нің Шымкент қаласы бойынша
Филиал психологы Х.М.Қабылбекова