БАСТЫ МІНДЕТ – ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ!

Среда, 29 Май 2024 05:34 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 183 раз

ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» – сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап, оның алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы өзгертуге бағытталған маңызды құжат.

 

Соңғы уақытта мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңнамалар жетілдіріліп келеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және басшылық тәжірибесін тиімді қолдану мақсатында қызметшілер ротациясы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында әдеп нормалары мен мемлекеттік қызметке кір келтіретін әдепті бұзғаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болса, қызметшінің басқа лауазымға ауысуына тыйым салу жөніндегі шектеулер заңмен бекітілген. Сондай-ақ, Президенттің бюрократиядан арылу жөніндегі тапсырмасы мемлекеттік қызметтегі қағазбастылықты азайтып, құжат айналымы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрінің толықтай цифрлық жүйеге өтуіне, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттырып, олардың жедел шешім қабылдауына әсер етеді және бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықты болдырмауға септігін тигізіп отыр.
Еңбекші ауданы әкімінің аппаратында жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, талдау нәтижесіне сай тәуекелдерді жою жөніндегі нақты іс-шаралар атқарылып келеді. Күнделікті жұмыс барысында аудан әкімі аппаратының қызметшілері арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын қатаң сақтау, жемқорлық әрекеттер үшін заңмен көзделген жауапкершіліктер жөнінде құқықтық сабақтар мен семинарлар тұрақты түрде өткізіліп отырады.
Алаш ардақтылары Ә.Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден!» және Б.Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмас, тәртіпке бағынған құл болмас!» деген сөздерін негізге ала отырып, жемқорлық әрекеттерді болдырмау мен алдын-алуда жұмыла жұмыс жүргізуіміз қажет.

Д.ЕСІЛБЕК,
Еңбекші ауданының әкімі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.