ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ Избранное

Пятница, 14 Июнь 2024 06:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 290 раз

Тұтынушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері қандай? Жыл басынан бері тұтынушылардың құқығын қорғауда қандай жұмыстар атқарылды? «Тұтынушылардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» мәжілісінде салада бірқатар мәселелер талқыға түсіп, жұмыс жоспарлары айтылды. Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Оспан Әбиев 5 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Tutinshi

 

2024 жылдың 5 айында департамент тарапынан жеке және заңды тұлғалардың 1902 өтініші қаралған. Тұтынушыларға 72 млн теңге сомасында ақшалай қаражат қайтарылды. О.Әбиевтің айтуынша, департамент қызметкерлері тұтынушылардың құқығын қорғауда 5 айда жалпы 9 талап арыз бойынша сот отырысына қатысты.
4 талап-арыз бойынша тұтынушылардың пайдасына соттың оң шешімі шығып, жалпы сомасы
1 424 750 теңге өндірілген.
– Талапкер С.Алтынбекова мен жауапкер «Samurug Grоup» ЖК арасындағы тұтынушылық дауда соттың оң шешімі шығарылып, 343 000 теңге тұтынушы пайдасы үшін шешілді. Нақтырақ айтқанда, тұтынушы Алтынбекова жеке кәсіпкерліктен аяққа массаж жасайтын құрылғы сатып алған. Алайда сапасы нашар болғандықтан ақшасын кері қайтаруды талап етті. Сондай-ақ, биыл қаңтар айында тұтынушы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сапасыз салынған жол бойынша сотқа талап арызбен жүгінді. Шешім өтініш берушінің пайдасына қабылданды, яғни сапасыз жол қалпына келтірілді. Бүгінде өңірде мемлекеттік органдардан, үкіметтік емес ұйымдардан және қоғамдық бірлестіктерден құралған «Ситуациялық штаб» жұмыс тобы құрылып, іс-шара бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда, – деді департамент басшысының орынбасары.
Жиын барысында
О.Әбиев тұтынушылар мен сатушылардың негізгі құқықтары мен міндеттерін атап өтті. Оның айтуынша, сатушының шағымды қабылдамауына құқық беретін тауардың алты түрі бар. Олар: жануарлар, өсімдіктер, медициналық құрылғылар мен жабдықтар, ақпараттық құрылғылар. Одан басқа тауарлар бойынша тұтынушылар әкімшілікке немесе сатушыға өз шағымын жеткізе алады. Яғни, міндеттері мен құқықтарын негізге ала отырып, 14 күн ішінде 6 тауардан басқасын қайтаруға мүмкіндігі бар. Ал, сатушының жауабы қанағаттандырмаған жағдайда департаментке шағымдануға құқығы бар. Ондай жағдайда тиісті жұмыстар атқарылады.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.