Заңсыз нысан бұзылуда Избранное

Среда, 03 Июль 2024 05:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 331 раз

Шымкентте Б.Момышұлы көшесіндегі заңсыз салынған кәсіпкерлік нысан бұзылуда. Сот шешіміне сәйкес, жер телімі құрылыс салуға берілмегені анықталған. Меншік иесі бұзу жұмыстарын өз еріктерімен атқаруда.

4 zag

 

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының заңгері Бақытжан Айтқасымовтың айтуынша, тұрғындардан басқармаға арыз-шағым түскен. Басқарма қызметкерлері зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сотқа талап-арыз жолдаған. Соттың қаулысымен нысан заңсыз деп танылды.
Нақтырақ айтқанда, жер телімі құрылыс соғу үшін берілмеген. Сол себептен соттың қаулысымен жеке кәсіпкер кінәлі деп танылып, нысанды бұзуға шешім қабылданып отыр. Жеке кәсіпкер нысанды бұзып, заң талаптарына сәйкестендіру қажет.
Сондай-ақ, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының өкілдері тарапынан тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.