Астана күніне арналған мерекелік концерт өтті Избранное

Среда, 10 Июль 2024 06:26 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 990 раз

Қаладағы Арбат демалыс аймағында «Астана» күні мерекесіне арналған «Жайна, ару – Астана!» атты мерекелік іс-шара өтті. Жергілікті өнерпаздар қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлады.

8 Астана 1

 

Іс-шарада «Шымкент концерт» ұйымының әншілері – Хадиша Шалабаева, Астана Қарғабай, Бағлан Жолдасов, Берік Сексенбек, Жұлдыз Шүкірбаева, Асыл Жандәулетов, Қуаныш Абжапбаров мерекемен құттықтап, көпшілікке концерттік бағдарлама ұсынды.
Биыл елордамыз Астана қаласы 26 жылдығын тойлауда. Елорда – еліміздің қарқынды дамып келе жатқан жаңаруының, тәуелсіз республикамыздың нышаны. Ширек ғасырдан астам уақытта жаңа елорда жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.