Бүгінгі таңда Қазақстан үшін атом электр станциясын салу мәселесі өзекті болып отыр. АЭС салу әлемдік тәжірибе⠀растап отырғандай, маңызды бағыттардың бірі.⠀
⠀
Қазақстан экологиялық энергия көздеріне мұқтаж. Өздеріңізге мәлім, бүгінгі таңда күнделікті тұрмыста да электр қуатына деген тәуелділік артып отыр.⠀
⠀
АЭС жобасы Қазақстан экономикасының көптеген салаларына серпін беріп, импортты азайтып, энергетикалық тұрақтылыққа, білікті жұмыс орындарының ашылуына және ядролық физика бағытындағы ғылыми-зерттеудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзекті. ⠀
Қазақстанға АЭС салу мәселесі 90-жылдардан бері⠀күн тәртібінде тұрған тақырып. АЭС құрылысын бастап, жүйеге салу да уақытты талап етеді. Шамамен, он жылға жуық уақытты алатын құрылыс оңай басатама емес екені де рас. ⠀
⠀
Медицина маманы ретінде айтарым қазіргі таңда медицина саласында бүкіл аппараттар электр қуатына тәуелді, зерттеу жұмыстарын электр қуатынсыз жүзеге асыру мүмкін емес екенін жақсы білесіздер. Сондықтан атом электр станциясын салу қажет деп есептеймін. Шымкент қаласы үшінші мегаполис болғанына да бірнеше жылдар өтті. Бізде онкологиялық ауруларды анықтайтын аппарат жоқ, себебі ол аппартты орнатайын десек үлкен электр қуатын талап етеді. Электр қуатымыздың жетіспеуіне байланысты бұл аппаратты орната алмадық және тұрғындарымыз тексерілу үшін Астана, Алматы қалаларына немесе көрші Өзбекстан елінің Ташкент қаласына баруға мәжбүр болып отыр. Біз электр қуатына да үлкен қаржы төлейміз, егер өзімізде атом электр станциясы салынса экологиялық таза қуатқа қол жеткізер едік. АЭС азаматтардың денсаулығына ешқандай зиян келтірмейді. Сіздерді 2024 жылдың 06 қазанында өтетін мемлекеттік маңызы бар АЭС салу бойынша референдумға қатысуға шақырамын.⠀
⠀
Бақытжан Позилов,⠀
№2 қалалық емханасының бас дәрігері, ШҚ мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясы фракциясының мүшесі