ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев ұлағатты ұстаздармен жүздесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты. “Түркістан” сарайында өткен іс-шараға қаладағы мектеп және колледж директорлары, білім саласы қызметкерлері қатысты. ⠀
⠀
Президент кеңесшісі Жолдау болашақ бағдарымызды айқындап берген құжат екенін, соңғы жылдары білім саласына көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.⠀
⠀
-Еліміздің саяси, идеологиялық бағытын жан-жақты түсіндіру мақсатында өздеріңізбен жүздесіп отырмын. Президенттің кезекті Жолдауының негізгі тақырыбы - Әділетті Қазақстанды құру. Қоғамдағы барлық қордаланған мәселенің түбінде әділетсіздік жатады. Әділеттілік қағидасы алға шығуы үшін жалпы дүниетаным, ой-сана өзгеруі тиіс. Біз өткеніміз бен бүгінімізді түгендеп, болашақты ойлауымыз керек. Ұстаз - ұлттың зияткерлік қуаты. Ұстаздарды мемлекеттік идеологияны жүргізетін тұлға деп санаймыз. Сол себепті де сіздерге үлкен міндет жүктеліп отыр. Мемлекетшілдік ұстанымға назар аударыңыздар, - деді Мәлік Нұржанұлы.⠀
⠀
Сонымен қатар, М.Отарбаев қоғамдық мәдениет білім мен ғылым арқылы дамитынын, ұстаздарға тарихи сананы жаңғыртып, оны ұрпаққа насихаттау керектігін айтты.⠀
⠀
Жиында мектеп және колледж директорлары энергетикалық қауіпсіздікке қол жеткізу үшін АЭС салудың маңызын, жалпы болашақты ойлауымыз керектігі жөнінде баяндама жасады. Қазіргі уақытта әлемде 400-ден астам реактор жұмыс істейді. Атом энергетикасын пайдалану - уақыт талабы. ⠀
⠀
Спикерлер жалпыұлттық референдум саяси мәдениетті қалыптастыру бағытында өтетінін, оған азаматтарды белсене қатысуға шақырды.
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ БІЛІМ САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Суббота, 28 Сентябрь 2024 17:38 Автор Редакция Опубликовано в Қоғам Прочитано 214 разРедакция
Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.
Последнее от Редакция
- Мемлекет басшысы: РЕФЕРЕНДУМ - АЙТУЛЫ УАҚИҒА
- Қасым-Жомарт Тоқаев: ӘКІМДЕРДІҢ ЖҰМЫСЫНА СЫН КӨЗБЕН ҚАРАУ - ДЕМОКРАТИЯҒА ТӘН ҚАЛЫПТЫ НӘРСЕ
- Қасым-Жомарт Тоқаев: МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КЕРЕК
- Президент: МӘСЛИХАТ ЖЕРГІЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТҚА ЫҚПАЛ ЕТУІ ТИІС
- Қасым-Жомарт Тоқаев: МӘСЛИХАТТАР ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ КЕРЕК