АДАЛ ЕҢБЕК – АДАМ КӨРКІ Избранное

Среда, 02 Октябрь 2024 04:30 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 125 раз

шымкенттіктерге 2 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісі Еңбек күні мерекесі тойланады. Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты – өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау.

jarmenke

 

Аталған мерекеге орай Шымкент қаласында «Адал еңбек – адам көркі» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Арбат алаңында өткен жәрмеңкеге қала аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік 100-ден астам жұмыс берушіден 2000 мыңға жуық бос жұмыс орындары ұсынылды.
Мерекелік іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, қаламыздағы түрлі өндіріс орындары мен білім беру салаларында ұзақ жылдан бері табысты еңбек етіп келе жатқан үздіктерді марапаттады. Мұнан кейін Қуаныш Жұмабекұлы жәрмеңкені аралап, жұмыс берушілерге еңбек құқығының бұзылмауына ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті.
Іс-шара барысында Еңбек мобильділігі орталығының мамандары enbek.kz электрондық порталы ұсынған жұмыс орындарын халыққа таныстырды. Шымкент қаласы әкімдігі Еңбек мобильділігі орталығының директоры Бағдат Арқабаев жұмысқа орналасқан қала тұрғындарының статистикасын айтты.
- Биыл қалада 30 207 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланып, 26 қыркүйектегі жағдай бойынша оған 23 691 адам қатысты. Жоспар 78,4 пайызға орындалды. Атап айтқанда, 3 228 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік білімін жетілдіріп, 428 адамға комиссияның шешімімен қайтарымсыз грант бекітілді. Субсидияланатын жұмыс орындарына 6 639 адам жолданды (жылдық жоспар 7 453). Оның 168-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 2007 адам жастар практикасына, 2 390-ы ақылы қоғамдық жұмыстарға, 1 273 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 15-і «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына және 786 тұрғын зейнет жасы алдындағы «Күміс жас» жобасына жолданды. Одан бөлек, қаладағы тұрақты бос жұмыс орындарына 10 970 адам орналастырылды, – деді Бағдат Арқабаев.
Айта кетейік, Шымкент қаласында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.