Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері ретінде Таскен тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде халық қалаулысы АЭС салудың еліміз үшін маңыздылығы мен тиімді тұстарын тұрғындарға түсіндірді. Сонымен қатар АЭС салу туралы шешім шыққанның өзінде ол кемі 11 жылда салынып бітетіндігі туралы да айтты.
Мәслихат депутаты күн санап халық саны артып келе жатқан еліміз үшін келешекте халықтың саны бұдан екі есеге артып, технология жанданып жатқан заманда электр энергиясына деген сұраныс бұдан да көп күшейетіндігін түсіндірді.
Ал, Есімхан Қалмаханұлы тұрғындарға АЭС салу бойынша елімізде Алматы облысындағы Үлкен ауылы таңдалып отқандығын айтып және АЭС құрылысына не себепті Балхаш көлінің маңайы таңдалғанын да түсіндіріп берді.
Тұрғындар да өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оған толықтай, түсінікті түрде жауаптарын алды.