Мұнан соң Қазыбек би көшесі мен «Теріскей» аялдамаларына және әуежайға қойылды. «Диспетчерлік орталық» ЖШС-нің директоры Самат Батырұлының айтуынша, карта жолаушыларға жолсерік болып, қажетті аялдамаларға бағыт көрсетіп тұрады.
Бұл шымкенттіктер мен қонақтарға жол табуға көмектесетін құрал болып отыр. Жаңа карталар жолаушыларға ыңғайлы. Автобустар бағыты түрлі-түспен, әртүрлі белгілермен берілген.
– Картада белгілі бағытта жүретін автобус бағдарлары көрсетілді. Сондай-ақ барлық атаулар мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылды, – дейді диспетчерлік орталықтың мамандары.
Алдағы уақытта жаңа карталар жолаушылары көп аялдамаларға да орнатылмақ.