×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Шомылу орындары тұрақты бақыланады

Среда, 15 Июнь 2016 05:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 6187 раз

Шымкенттіктер үшін шомылу маусымы басталды. Бүгінде Шымкент қаласының аумағында 11 жабық және ашық бассейн, 2 көл, 15 субұрқағы, 3 су қоймасы, 8 өзен мен канал, 1 карьер бар. Ондағы шомылу орындарын түгелдей дерлік құтқарушы мамандар тұрақты бақылауға алып келеді.

vlcsnap-2015-06-12-19h09m37s70

Кешегі жұмада, яғни маусым айының 10-жұлдызында Сайрам елді мекенінің 11 жасар тұрғыны жазатайым жағдайға душар болып, «тілсіз жаудың» құрбанына айналды. Қапылыста өзен құбырынан құлап түскен жасөспірімнің жансыз денесін елдімекен тұрғындары тек 500 метр қашықтықтан тауып алған. Осы тектес, жыл сайын өңірдегі су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдарынан ондаған адам көз жұмады. Осыған орай, төтенше жағдайлар басқармасының мамандары қала тұрғындарынан суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрап отыр.

‒ Өкінішке қарай, орын алған жазатайым жағдайлардың қатары жыл өткен сайын ұлғая түскені байқалады. Суға түсу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдарынан қала аумағында тиісінше, 2014 жылы 5 адам бақилық болса, өткен жылы 6 адам көз жұмған. Биыл, яғни күні бүгінге дейін-ақ, 3 адам суға кетіп қайтыс болды, – дейді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ерік Сарыбаев.

Басқарма басшысының айтуынша, аталған келеңсіз жағдайлардың басты себептері – ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы, жүзу құралдарын пайдалануда қауіпсіздікті сақтамау, балық аулау ережелерін бұзу және алкогольді ішімдік ішіп суға түсу болып табылады. – Қаладағы Бадам өзені мен Сайрам су арнасының бірқатар орындары тіпті, аса тәжірибелі кәсіби мамандар үшін де аса қауіпті. Ағысы қатты су арнасы кім-кімге де бой бермеуі мүмкін. Оның үстіне, соқпағы көп су астында сәл шалыс басар болсаңыз, қатердің аяқасты туындауы бек мүмкін, – дейді басқарма мамандары.

Бұл ретте, мамандар тек, құтқару стансалары мен бекеттері жұмыс атқаратын орындарда ғана суға түсуге тәуекел етуге кеңес береді. Яғни, аймақта 9 судан құтқару стансасы жұмыс істеуде. Ал қалған шомылу орындары қорғаусыз аймаққа жатады.
Иә, жағажайға бару, суға шомылу – сұлулық пен денсаулықтың басты кепілі болып табылары сөзсіз. Көңіл қуантары, қазіргі таңда қала ішінде шомылуға арналған демалыс орындарының саны да, сапасы да артып келеді. Жалпы қаладағы мұндай орындарға кіру құны ересектер үшін 500 теңгеден басталса, басым көпшілігінде 5 жасқа дейінгі балалардан ақы алынбайды.