ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жыл басынан бері 21 мыңнан астам адамға кеңес берген. Кәсіпкерлік мектебінде толық оқу курсын 4 376 адам бітіріп шыққан, рұқсаттама құжаттарын рәсімдеу бойынша 2 460 адамға қызмет көрсетілген. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Олжас Тоғаев ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 6 айды қорытындылады.
Облыста 2012 жылы «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ашылып, жұмысын бастаған еді. Бүгінде бұл орталық «бір терезе» қағидасы бойынша әрекеттегі кәсіпкерлерге, жаңадан бизнес бастаушыларға жан-жақты қызмет көрсетіп келеді. Алты айда 21 117 азамат Орталық мамандарынан кеңес алуға жүгінген. Ал маркетингтік және бизнес жоспарлау бөлімімен 892 жоба жасалып, оның 574-і қолдау тапқан. Жалпы сомасы 1,6 млрд.теңге қаржыландырылыпты.
Айта кетерлігі, есепті кезеңде Кәсіпкерлік мектебінде толық оқу курсын 4 376 адам бітірген.