Аудандағы 27-мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Ержан қажы Мағажыұлы, Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов қатысты.
Жергілікті кәсіпкерлер осылайша Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерді түлету – перзенттік парыз!» акциясымен туған өлкесінің дамуына үлес қосуда.
Жаңа мешітте дәріс және Құран оқу бөлмелері мен әйелдерге арналған намаз оқу орны бар. Кәсіпкер бұл нысанды салуға 200 млн теңге жұмсаған.
ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Өстемір Бектөреев пен зейнеткер Әбілқасым Құлымбетов жаңадан ашылған имандылық ордасы жастардың бойына имандылық нұрын құйып, ел-жұртты бірлікке, татулыққа ұйытсын деген ізгі тілектерін білдірді. Жиылған жамағат мешіт намазын оқып, бабалар рухына арналған асқа қатысты.