Тұңғыш Президент күнін ұлықтады Избранное

Среда, 05 Декабрь 2018 08:59 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2559 раз

Еліміз үшін ерекше маңызы бар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін шымкенттіктер салтанатты түрде атап өтті.

174

 

Мерекелік жиынға қатысып, сөз бастаған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов барша қала тұрғындарын атаулы күнмен құттықтап, мемлекеттік мерекенің маңызына тоқталды.
– Қазақ Елінің дамуы, бүгінгідей әлемдік аренаға көтерілуі, ел болып қалыптасуы – Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Тәуелсіздіктің таңы атқан ширек ғасырдан астам уақыт ішінде еліміз күллі әлем танып, мойындаған еңселі мемлекетке айналды.

Бұл жетістігіміз бен шыққан биігіміз – егемендігіміздің, бірлігіміз бен тұтастығымыздың беріктігін айғақтайтын айқын дәлел. Бүгінде Елбасы өзі қолдау танытқан «Болашақ» бағдарламасымен 12 мыңнан аса түлек оқуын бітіріп, елге аянбай еңбек етуде. Елімізде қазір «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламалары табысты жүзеге асуда. Тәуелсіз еліміздің барлық жетістіктері мен жеңістері Елбасымыздың сарабдал саясатымен, әр қазақстандықтың табанды да тынымсыз еңбегінің нәтижесінде жүзеге асуда, - деді Ғ.Әбдірахымов.

177
Шымкент қаласының әкімі мұнан соң қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан өз саласындағы үздіктерді «Астанаға – 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.
Бұдан кейін салтанатты іс-шараға арнайы келген қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Байекенов пен «Формат» тобы, сондай-ақ Шымкенттің белгілі өнер ұжымдары Елбасының ерлік жолын арқау еткен патриоттық әндерді нәшіне келтіре орындады. Концерттік бағдарлама әдемі кештің әрін кіргізіп, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Последнее изменение Среда, 05 Декабрь 2018 10:59
Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.