Версия для печати

Шынайы патриотизм – тәрбие арқауы Избранное

Пятница, 01 Февраль 2019 04:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4086 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Батырлық пен әділдік, еңбексүйгіштік, туған жерге адал қызмет етуді кеңінен насихаттап келген «Ерлік» мұражайы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында « Ата-бабалар аманаты – елдік пен ерлік, бірлік пен ынтымақ» жобасы бойынша генерал- майор Жеңісбай Сұлтановпен сырласу кешін өткізді.

Ерлік мұражайындағы кездесу

Айтулы іс-шараға Аудан соғысының ардагерлері мен Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының тындаушылары қатысты.
Сұлтанов Жеңісбай Әбдікерімұлы 1945 жылдың 20 қарашасында қазіргі Түркістан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Бүгінде Шымкент қаласы мен Түлкібас ауданының Құрметті азаматы атанған кеш кейіпкері ұзақ жылдар бойы облыстық және Шымкент қалалық ішкі істер органдарында басшылық қызметін атқарған.
Басқосуда ел ағалары Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы әрбір міндеттер мен бағдарламаларды талқылап, тыңдаушы сарбаздардың жігерін оятты.

– Отбасы – бір мемлекет, ал сол мемлекеттің егесі – ер, шегесі – әйел. Бүгінгі жастарға кеңесім, адам екі нәрседе қателеспеуі керек. Біріншісі – мамандық таңдау болса, екіншісі – жар таңдау. Жаныма жақын және ұстанымыма сәйкес келетін мамандық таңдадым, жетістікке жету жолында маған үнемі мейрімімен қуат беретін адал жарға кезіктім, – дейді ардагер Жеңісбай Сұлтанов.
Кеш барысында Жеңісбай Әбдікерімұлының өнегелі өмірі жайлы әңгімелер айтылып, жас ұрпаққа жасаған ерлігі насихатталды. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты.