Бүгінгі шәкірт – ертеңгі маман Избранное

Пятница, 01 Февраль 2019 04:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4646 раз

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа!».  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай дейді.

Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалык «Жас ұлан» мектебінің ұландары оқу процесінің бекітілген кестесіне сәйкес 2018/2019 оқу жылында қысқы демалысқа шығып, 21 қаңтарда мектепке қайта оралды. Демалыс барысында ұландарға «Жас ұлан» мектебі жайлы және де оған үміткерлер жұмылдыру мәселесі бойынша өздерінің оқыған мектептеріне барып, 8-9 сынып оқушыларымен үгіт-насихат жұмысын жүргізуге тапсырма берілген болатын.

Бұл іс-шараға ұландар жауапкершілікпен қарап, тапсырманы орындап қайтты. Айта кетсек, 3 рота 2 взвод ұланы Ермахан Лидер өзі 9 сыныпты тәмамдаған М.Х.Дулати атындағы мектепке барып, АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, лейтенат Б.Болат ағайымен бірге 8-9 сынып оқушылары арасында «Мамандық таңдау» тақырыбында кездескен. Кездесуде ұлан Ермахан Лидер Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымовтың өмірбаянына тоқталып, «Жас ұлан» мектебі туралы біраз мағлұмат берді.

Үгіт-насихат жүргізу барысында оқушылар тарапынан әскер мамандығы бойынша түрлі сұрақтар қойылып, оған нақты жауап бере отырып, осы оқу орнына түсем дейтін ниет білдірушілерге есік ашық екенін айтты. Бұл кездесуге 8-9 сынып оқушыларынан 70-тен аса оқушы қамтылып, солардың ішінен біразы осы оқу орнына түсеміз деп ниеттерін білдірді.

Сонымен қатар 3 рота 3 взвод ұланы Мұхтарұлы Мадияр №69 мектепте мамандық таңдау мақсатында 8-9 сынып оқушыларымен кездесіп, Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі туралы үгіт-насихат жүргізді, оқушылардың әскер мамандығына деген қызығушылығын оятып, мамандығын дұрыс таңдаған адам өз мемлекетінің тыныс-тіршілігінің жақсаруына септігін тигізетінін айтып, Шымкент республикалык «Жас ұлан» мектебіне шақырды.

А.Оспанқұлова,
Кеңес Одағының Батыры Сабыр
Рахымов атындағы «Жас ұлан»
мектебінің қызметкері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.