Ассамблея куәліктері табысталды Избранное

Среда, 06 Март 2019 04:26 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2591 раз

Салтанатты іс-шараға «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов, төрағаның бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, партия филиалының Саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары мен мемлекеттік органдардың басшылары, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

DSC 6151

Жиында сөз алған Ғ.Әбдірахымов өткен 20 жылда партияның Елбасының ең сенімді тірегі және еліміздің жетекші саяси күші ретінде қалыптасып үлгергенін айтты.

Елбасының мемлекеттің алдына бұрынғыдан да ауқымды стратегиялық мақсаттар қойып отырғанын айтқан шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов басты міндет – елді жүйелі жаңғырту арқылы әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу екеніне назар аударды.

– Елбасы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеру, аз қамтылған азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша нақты міндеттерді белгілеп берді.

Бұл ретте Елбасы тапсырмасы аясында Шымкентте халықты мемлекеттік қолдаудың ауқымды шаралары жүйелі түрде іске асырылады. Әсіресе, қалада тұратын көпбалалы аналарға әлеуметтік тұрғыда жоғары деңгейде қолдау көрсетіледі, – деді қала әкімі.
Ғ.Әбдірахымов Алғыс айту күнінің мән-маңызына тоқталып, барша шымкенттіктерді мерекемен құттықтады.

Мәжіліс соңында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының бірқатар мүшелеріне ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған арнайы куәліктер табыс етілді.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.