Мемлекеттік корпорация қызметкерлері №3 балалар үйіне барды

Пятница, 31 Май 2019 13:13 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2474 раз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлері бірнеше жылдан бері бүлдіршіндерге қамқорлық көрсетіп келеді, мереке қарсаңында балалар үйіне бару игі дәстүрге айналған. Бүгінде №3 балалар үйінде 4 пен 17 жас аралығындағы 68 жеткіншек бар. Филиал қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тәтті тағамдар мен жемістер ғана емес, қажетті киім-кешек, аяқ киім, ойыншықтар мен кітаптар сыйлады.

 

 

 

WhatsApp Image 2019-05-31 at 18.29.55 1

 

 

 

Балалар қонақтарды қуана қарсы алып, өздері әзірлеген мерекелік концертін  ұсынды, ән мен күйден шашу шашты.

 

 

 

WhatsApp Image 2019-05-31 at 18.29.55

 

 

 

– Балалардың күлкісі – баға жетпес дүние! Бөбектердің ересектерге деген сенімі басым. Біз сол сенімді ақтауға тиіспіз. Әрбір баланың дені сау болып, қамқорлыққа кенеліп, өз отбасын табуына тілектеспін. Аспанымыз ашық, әрбір жаңа күн жақсылық пен қызыққа толы болсын. Біз балалардың бақытты және қауіпсіз балалық шағы үшін жауапты екенімізді ұмытпауымыз керек!, - деді филиал директоры Данабек Исабеков.

 

 

Балалар үйінің директоры Қырмызы Қожамжарова корпорация қызметкерлері алғысын айтты.

Последнее изменение Пятница, 31 Май 2019 13:20
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.