Ауызсу тапшылығы 2023 жылы толық шешіледі Избранное

Среда, 20 Ноябрь 2019 03:36 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2854 раз

Шымкент қаласына аудандардан енген Тоғыс, Құрсай, Бадам тұрғын алаптарында 3634 үйге сапалы электр жарығын қосу жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ, тағы 4 елдімекенде 9600 адамды құрайтын 241 үйге сапалы ауызсу құбырлары тартылып, қазір абоненттеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Б.Парманов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

Б Парманов

Бұхарбай Рысқұлұлының айтуынша, Шымкентте ауыз су мүлде жетпеген 8 елдімекен бар. Қазір ол елдімекендерге таза ауызсу тасымалдап беру арқылы жеткізіледі. Тағы 10 елдімекенде су құбырларының тозығы жетуіне байланысты ауызсу тәулігіне сағаттап қана қосылады.

– Биыл 10 айда осы ұңғымадан су ішіп отырған 5 елдімекенді сапалы ауызсумен қамтудың жобалық-сметалық құжаттары əзірленді. 2020 жылдың соңына дейін бұл жоба нəтижесін береді. Сондай-ақ, Шымкенттегі қалған 13 елдімекендегі ауызсу тапшылығы 2023 жылы 100% шешімін табады деп жоспарлап отырмыз. Егер су құбырын тарту құрылыстары барысында ешқандай кедергілер туындамаса, жоспар одан да ерте орындалады. Себебі, кейде жер теліміне байланысты сотпен шешілетін мəселелер 5-6 ай уақытты алады, – деді Б.Парманов.

Брифингте айтылған маңызды мәселенің бірі табиғи газ тапшылығы. Қала аумағында 12 елдімекен табиғи газбен қамтылмаған. Бұл пайыздық көрсеткішпен алғанда мегаполис халқының 93%-ын құрайды. Табиғи газ тапшылығынан Шымкент қаласында үшінші автоматтандырылған газ тарату бекетін салу мәселесі көптен бері айтылып жүрген. Бұл сұрақ шешімін тапты, қазіргі таңда мердігер анықталды, «АГРС-3» құрылыс жұмыстары 2020 жылы жанданбақ.

Айта кетейік, 34 шағынауданға кәріз жүйесін тартудың ЖСҚ-сы да осы 10 айда әзірленді. Ал 2019 жылдың соңына дейін 100 шақырым жол пайдалануға берілсе, тағы 120 шақырымы 2020 жылға өтпелі.

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.