Версия для печати

Шымкент – ақындар жырына арқау Избранное

Пятница, 20 Декабрь 2019 03:43 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3501 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«Шырайлы Шымкент»: «Береке басы бірлік» атты қоғамдық форум аясында «Шымкент – қайырымды қала» іс-шарасы өтті. Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылған тағылымды жиында ұлық мерекенің қадірі насихатталып, қайырымды қала тұрғындарының мәртебесі жайында оралымды ойлар айтылды.

DSC 1885

Саясаттанушы Сәкен Мәжінбеков, мәдениет саласының ардагері Күлия Айдарбекова, «Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы Әлішер Сатыбалдиев Тәуелсіздіктің қадірі жайында мазмұнды баяндама жасады. Мегаполис қаланың тұрғындары қандай болуы керек екені жөнінде ой қозғады.

Басқосуда «Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысымен, «Серпіліс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Шымкент – шаттық шырағы» атты жыр мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды. «Серпіліс» қоғамдық қорының төрайымы Бейсенкүл Нарымбетованың айтуынша, аталған байқауға 40 шақты өтінім түсіп, оның он екісі іріктеуден өткен.

Қазылардың шешімімен бірінші орынды Арқалық Әмәлият жеңіп алса, Дәурен Айманбет екінші, Арайлым Мұраталиева үшінші орынға ие болды. Іс-шара аясында жыр мүшәйрасына арналып шығарылған кітаптың тұсауы кесілді. Ақындар өлеңдеріне Шымкент қаласы, Тәуелсіздік туралы ойларын және өзге де еркін тақырыпты арқау еткен.

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева қаланың дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.