ТАРИФ 24 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ Избранное

Пятница, 05 Июнь 2020 04:36 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 503 раз

ҚР «Табиғи монополия туралы» Заңының талабына сәйкес жыл сайын мекемелер тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында атқарған жұмыстары туралы есеп беруі тиіс. Шымкенттегі «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС де биылғы мамыр айының соңында жылдық есебін берді. Жиынға қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысып, мекеменің әлеуметтік желілердегі аккаунттары арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

65

 

аркетинг» ЖШС Шымкент қаласы және Сайрам ауданының бірқатар елдімекендерін шаруашылық-ауызсумен 22 жылдан астам уақыттан бері қамтамасыз етеді және шайынды суды бұру қызметін көрсетеді. Мекеме жетекшілерінің айтуынша, 2009-2019 жылдар аралығында су жүйелерін қайта құру және жаңғырту жұмыстарына инвестиция тарту үшін Еуропалық қайта құру және даму банкімен мерзімі 13 жылға келісімшарттар құрылған.
Нәтижесінде 981 шақырым су құбыры мен 76 шақырым кәріз желілері қайта құрылып, кәріз тазарту және биогаз алу кешені құрылғысы жаңартылды. 169 арнайы техника мен құралдар сатып алынып, түрлі көлемдегі 14 546 өлшегіш құралы орнатылды. 146 дана сорғы-энергетикалық жабдық ауыстырылды, деп мәлімдеді мекеме басшылары.
Жылдық есепте 2019 жылғы инвестициялық бағдарлама, жалпы алғанда, 76 пайызға орындалғаны айтылды. Оның ішінде кәріз тазалау құрылғыларын жаңарту мен технологиялық құралдарды ендіру секілді бөлімдері артығымен жүзеге асырылған.
Мекеме жетекшілері 23 жылдан бері 1360,1 миллион текше метр су немесе 25 жылғы судың қоры, құны 13,665 млн теңгенің электр қуаты үнемделгенін хабарлады. 114 бақылау нүктесінде сумен жабдықтау жүйелерін қадағалау жүйелері енгізіліп, 167 су қысымын реттегіш орнатылған.
Ең бастысы, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындар және жылумен қамтамасыз етуші ұйымдарға сумен жабдықтау және кәріз қызметтерінің тарифі 24 пайызға төмендеді, деп мәлімдеген «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басшылығы биыл тұрғындарды сапалы ауыз сумен 24 сағат бойы үздіксіз қамтамасыз етуді, 41 шақырым су құбыры мен 8 шақырым кәріз желісін қайта құруды жоспарлап отыр.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.