Версия для печати

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ және АУҚЫМДЫ шұғыл шаралар Избранное

Среда, 01 Июль 2020 04:31 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1828 раз
Оцените материал
(0 голосов)

78888

Шымкент қаласында еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды қалыпқа келтіру барысындағы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмалары дер кезінде орындалуда.

Мәселен, Шымкент қаласында республика бойынша алғаш рет 51 күндізгі стационар ашылды. Нәтижесінде, қалада инфекциялық дертке шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсету екі есеге күшейді. Бұл емдік жұмыстарын арттыру жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте айтқан болатын. Аталған тапсырма дер кезінде орындалып, қаладағы эпидемиологиялық жағдай ретке келді.
Маусым айының соңында Шымкент қаласында жұқпалы аурумен ауырған науқастар саны күрт өсті. Пневмониямен ауырғандар 5,8 есеге, ал ЖРВИ-мен ауырған науқастар саны 2 есеге артты.

Осы жағдайға байланысты жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалатын тұрғындар саны 5 есеге көбейді. Орта есеппен бір күнде 2100-ден аса шақырту түсе бастады. Бұл шақыртуларға дәл уақытында қызмет көрсету үшін Шымкент қаласының әкімі
Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасымен жедел түрде провизорлы орындар ашылды. Бүгінде қалада барлық медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған 2870 төсек-орын бар. Оның 650-і жұқпалы ауруханаларға, 2220-сы провизорлы орынға арналған. Яғни, инфекциялық ауруға шалдыққан науқастар үшін орын жеткілікті. Дегенмен жағдай қалыпқа келсе де, резервтік провизорлы орындар дайындалуда.
Айта кетейік, Шымкент қаласында халықтың денсаулығын нығайту мақсатында күндізгі стационар қызметкерлері демалыссыз қызмет көрсетуде. Ал барлық ауруханалар мен емханаларға дәрі-дәрмек үзіліссіз жеткізілуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.