ЕЛТАЙДАҒЫ БЕС ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАға ие болды Избранное

Вторник, 14 Июль 2020 18:59 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2569 раз

55

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов табиғи апаттың салдарынан зардап шеккен Елтай тұрғын алабындағы 5 отбасыға баспана кілтін табыстады.

Құрылысы бір жарым айда аяқталған үйлердің өлшемі 11х11 метрді құрайды. Ал аумағы 112.36 шаршы метр. Сонымен қатар, қабырғасы газаблоктан, шатыры профнастилден салынған. Бұдан бөлек, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары да аяқталды. Үйлердің құрылысын «Bi Group» компаниясы өз қаржысы есебінен жүргізді.
Баспана иелерін жаңа қонысымен құттықтаған қала басшысы аталмыш құрылыс мекемесіне алғысын жеткізді.

 

666


Сонымен қатар Елтай тұрғын алабын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысқан қала әкімі орташа жөндеуден өткен Баубақша мен Нұрсәт көшелерін аралап көрді.
Жалпы тұрғын алапта 5,5 шақырымды құрайтын 3 көше мен 1 көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға бюджеттен 186,5 млн теңге қаржы қаралған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.