Өнертапқыштық жаңалықтың жаршысы еді...

Пятница, 24 Июль 2020 17:27 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 542 раз

WhatsApp Image 2020-07-24 at 17.50.14Молдабеков Шаяхмет Молдабекұлы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданы Шұбар елдімекенінде 1939 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген.
1961 жылы Мәскеудің химиялық машина жасау институтын, 1968 жылы Мәскеу қаласындағы Инсекторунгиицидтер мен тыңайтқыштар ғылыми- зерттеу институтының аспирантурасын бітіріп, «Бейорганикалық заттардың технологиясы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап шыққан. 1984 жылы Д.И.Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық институтында «Фосфор өндірісіндегі фосфор, фтор және күкірт құрамды газдарды айыру жолдары» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
1968-1989 жылдар арасында Ш.Молдабеков Қазақ химия-технологиялық институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1975-1980 жылдары институттың ғылыми істер жөніндегі проректоры, 1980-1987 жылдары ректоры болды.
Ш.Молдабековтің экологиялық мәселелерді шешу жолдары мен табиғат ресурстарын игеру тәсілдері сараптамадан өтіп, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Украинаның түрлі химиялық кәсіпорындарында өндірістік қолданысқа енгізілген.
Ш.М.Молдабековтің жетекшілігімен 30 шақты кандидаттық, 10-ға тарта докторлық диссертация қорғалды. Ғалым - 350 ғылыми еңбектің, оның ішінде 8 монографияның, 5 оқулық пен оқу құралының, 80 өнертапқыштық жаңалық патентінің авторы атанды.
Техника ғылымының докторы, ҚР ИА академигі, ХИА корреспондент мүшесі, ҚР ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры Молдабеков Шаяхмет Молдабекұлының дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.
М.Әуезов атындағы ОҚУ ұжымы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.