КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Понедельник, 10 Август 2020 03:17 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 449 раз

WhatsApp Image 2020-08-07 at 23.10.32

Отанды қорғау – әрбір азаматтың асыл парызы!!!

Шымкент қаласының жергілікті әскери басқару органдарында 2020 жылғы күзгі әскери қызметке үміткерлерді алдын ала зерделеу жұмыстары басталды. Бұл процесс бастапқы кезеңде әскерлердің қандай да бір түрлері мен тектерінде әскери қызмет өткеруге дайын әскерге шақырылушылардың сапалық сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке даярлау және шақыру – бұл үздіксіз процесс. Жас жігіт 16 жасқа толғаннан кейін оны шақыру учаскелеріне тіркеу басталады. Шақыруды әкімнің орынбасары бастаған шақыру комиссиясы жүзеге асырады, комиссияның құрамы бекітіледі. Комиссияға денсаулық сақтау, ІІМ, білім беру, қоғамдық ұйымдар, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері кіреді, - деді Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы міндетін уақытша атқарушы подполковник Т.Смагулов. Еске салайық, әскерге шақыру контингентін зерттеу екі кезеңде өтеді. Біріншісі жеке істерді зерделеуді, әскерге шақырылушылармен олардың ата-аналарымен немесе олар тәрбиеленіп жатқан адамдармен жеке әңгімелесу жүргізуді қамтиды, сондай-ақ әскерге шақырылушылар жұмыс істеген немесе оқыған кәсіпорындардан (оқу орындарынан) мінездеме жинау жүзеге асырылады. Одан әрі екінші кезең, практикалық, онда әскерге шақырылушылар аудандық және қалалық медициналық комиссиядан өтеді, содан кейін ҚР Қарулы күштері, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Ұлттық ұлан бөлімдеріне бөлінеді. Психиатриялық, наркологиялық, тері-венерологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлерде есепке алудың болуы не болмауы туралы анықтамалар бірінші кезекте зерделенетін болады. Айта кету керек, биыл Шымкент қаласы бойынша зерделеуге жататын 8000-ға жуық жас азаматтар бар. Естеріңізге сала кетейік, елімізде мерзімді әскери қызметке қабылдау жылына екі рет, көктемде және күзде жүргізіледі. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар әскерге шақыруға жатады.

Қосымша:әскерге шақырылушы азаматтар және ата-аналар назарына! Тұрғылықты мекенжай бойынша шақыртуды күтпей-ақ өзіне қатысты жеке және білім туралы құжаттарымен қорғаныс істері басқармаларына келуіне болады. Осыған орай, азаматтарды мерзімді әскери қызметті өткеруге жауапкершлікпен қарап, белсенділік танытуға шақырамыз.

Қосымша ақпаратты 8 (7252) 55-81-29 нөмірі арқылы алуға болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.