Дәстүрлі ем коронавирусты жеңуге көмектеседі Избранное

Среда, 11 Ноябрь 2020 04:09 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1977 раз

terapia

Коронавирус ауруын асқындырып пневмонияға жеткізбеу үшін сүлік салдыру керек, дейді шығыс медицинасының дәрігері
Салтанат Серікбаева. Ол өзінің жеке клиникасында пандемияның бірінші толқыны кезінде науқастарға сүлік салып, соның арқасында індет кәдімгі тұмау секілді жеңіл өткен.

Дәрігер мұны сүліктің құрамындағы гепариннің барымен байланыстырады. Қан сору барысында сүліктен бөлінген табиғи гепарин қанның қоюланбай алты айға дейін сұйық қалпын сақтап тұруға көмектеседі.
Ал коронавирустың денсаулыққа тигізер кері әсерлерінің бірі – ол қанның қоюланып кетуі. Көп науқас соның салдарынан ажал құшты.
– Індет ушығып тұрған кезінде адамдар қанның қоюланып кетуіне жол бермей, оның алдын алу үшін қанды сұйылтатын түрлі дәрі-дәрмектер пайдаланды. Бағасы аспандап кеткен ондай препараттарды алуға шамасы келмегендер немесе дәріханалардан қан сұйылтқыш дәрі таппағандар кәдімгі аспирин таблеткасын ішті. Бірақ бұлардың әсері табиғи гепариндей ұзаққа созылмайды. Сондықтан сүлікпен емдеу терапиясы пандемияның алғашқы толқыны жүріп жатқан кезде үлкен сұранысқа ие болды. Тіпті қазірдің өзінде пневмониямен ауырғандар дерттен кейін денсаулығын қайта қалпына келтіруде қосымша ем ретінде сүлік салдыруға келіп жатыр. Бұл менің клиникамды жанамалау емес, сүліктің шын мәнінде емдік қасиетінің жоғары екендігіне көз жеткізгендіктен көпшілік қатерлі індетпен қалай тиімді күресу керектігін білсін деген мақсатпен айтып жатқан кеңесім, – дейді Салтанат Жақсылыққызы.

 

d06680a8625a27ebee12c7ca5e10f4db


Дәрігердің сөзінше, қою қан тромбтың пайда болуына әкеп соқтырады. Ал ол өз кезегінде каппиляр деп аталатын майда қан-тамырларды бітеп тастайды. Тромбтан жоғарыда айтылғандай адам күтпеген жерден өліп кету немесе мүгедек болып қалуы мүмкін. Оның бір мысалы ретінде инсульт пен инфарктті немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясын атап өтеуге болады.
– Қан шығарып емдеу ата дәстүрімізде бұрыннан бар әдіс. Баяғы кезде халық емшілері түрлі ауруларды жануар мүйізінің көмегімен қан алып емдеген. Ислам дінінде қан алдыру Пайғамбар медицинасының ажырамас бөлшегі саналады. Ол Ислам дінінде хиджама деп аталады. Алланың Елшісі «шипа үш нәрседе: қан алдыруда, балда және күйдіруде» деген. Солардың ішінде хиджама мен бал жеуге кеңес береді. Ал күйдіріп емдеуді аса зәрулік болмаса онша жақсы көрмеген. Шығыс медицинасында аурудың өзімен ғана күреспей, оның себебін анықтап, салдарын жоюға көп көңіл бөлінеді. Соның бірі хиджамамен бірге қазір ғана айтып өткен балмен емдеу тәсілі. Бал Алланың өзі бізге сыйға берген табиғи антибиотик болғандықтан, оны емдік процесте міндетті пайдалануымыз керек деп шештік. Нәтижесі біз күткен үміттен де асып түсті. Өйткені табиғи балдың ерекше бір қасиеті адам азғасын қажетті минерал витаминдермен байытумен бірге бойдағы вирустар мен бактериялардың көзін жоюға ықпал жасайды, – дейді дәрігер.
Оның айтуынша, адам ауруды күтпей профилактика ретінде де сүлік салдыруына болады. Жәндіктің тағы бір пайдалы тұсы адамнан артық қан кеткен соң ағза қайтадан іске қосылып, жаңа қан өндірісін бастайды. Жаңадан келіп қосылған қанның құрамында оттегі көп болғандықтан ол түрлі ауруларға қарсы тұратын қорғаныш қабілетін арттырып, ағзаның қайта түлеп, жасаруына көмегін тигізеді.
– Иммунитеті күшті адамның Ковид-19 ауруына оңайлықпен шалдыға қоймайтыны аян. Сондықтан күздің мезгілінде түрлі денсаулыққа пайдалы тағамдар жеп азғаның қорғаныштық қабілетін күшейту қажет. Қазір қауіпті инфекциямен бірге жедел респираторлы жұқпалы аурулар да қатар жүріп жатыр. Бұл кезде тұмаумен ауырып қалмау керек. Сондықтан санитарлық талаптарды қатаң сақтау дәл қазіргі уақытта өте маңызды, – деп санайды Салтанат Жақсылыққызы.