Версия для печати

НАЗАРБАЕВ феномені Избранное

Пятница, 27 Ноябрь 2020 04:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1791 раз
Оцените материал
(0 голосов)

photo 326487.jpeg

Әр дәуірдің саяси сахнасында көш бастайтын көреген тұлғалар шығатыны тарихи шындық. Уақыттың заңы мен талабына бағынбайтын басшы болмайды. Қайсы мемлекетті алсақ та өз-өзіне жау болмаса осымен санасады. Ұлыбританияның премьер-министрі М.Тэтчер өз мансабына кіріскен уақытта оның билік құруы елге көбірек қажет еді. Сол секілді Қытайға – Дэн Сяопин, АҚШ-қа – Рейган. Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Бірақ бір анығы – әрбір белгілі саясаткер өз дәуір, кезеңіне қарай туады.

Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдардың басында билікке дәл уақытында келді. Керек кезде өз орнынан табылу, тарихи сәтте өзін таныта білу көшбасшыға тән қасиет. Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекеттік дағдарыс кезінде елді басқара алатын сондай мықты қасиеттерімен дараланды. Назарбаев билік басына келген жылдар алып держава болған кеңестер одағы күйреп, еліміз тар жол тайғақ кешуді бастан өткерген кезеңге тура келді. Сондықтан көшбасшыға тәуелсіздік туын көтерудің қиын да жауапты миссиясын орындау міндеті мен мемлекеттің саяси жүйесін басынан бастап жаңғырту тізгіні тиді.
Еске түсіріп көрейік, кеңестер одағының ыдырауы тәуелсіздік алған елдерді өз алдына дербестік алып, өз мәселесін өзі шешетіндей деңгейге жеткізді. Осындай өліара шақта өз соқпағынан жаңылысып, ірі мемлекеттердің саясатымен кеткендері де болмай қойған жоқ. Мәселен Украина Еуропамен байланысты күшейтіп, тәуелсіздігін солармен қарым-қатынаста сақтап қалуды қалады. Бұл А.Солженицынның Ресей, Белоруссия, Украинаның біріккен славян одағын құру туралы идеясы ешқашан іске аспайтынын білдірді. Өзбекстан да Орталық Азияда мемлекеттік идеология мен аумақтық держава тұрғысында өзін мықты етіп көрсеткісі келді.
Алайда бір таңқалатыны ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай аумалы-төкпелі кезеңде пост-кеңестік елдердің арасында бұрынғы экономикалық байланыстарды сақтап қалуға ұмтылды. Соның арқасында бүгінде бұл экономикалық саясат ТМД аясында өзгермес қағида секілді қабылданады.
Н.Назарбаев өзінің сөйлеген әр сөзінде Қазақстан тәуелсіздігін баянды ететін, бәсекелестерден де, әріптестерден де қорғап қалатын жол – жан-жақты бірлестіктерге мүше болу мен көпқырлы сыртқы саясат дейтін. Ол ТМД нарығының сақталып қалуына мүдделі болды және шекаралас мемлекеттермен бір-біріне мұқтаж әрі достық рәуіште қарым-қатынас құруды мақсат тұтты. ҚР Тұңғыш Президенті ТМД аумағындағы экономикалық, сосын саяси интеграциялар шекараға қатысты өткір жер дауларын тудырмайды деген пікір ұстанды. Тек уақыт өте келе ғана Елбасының достық байланыстардың стратегиялық маңыздылығы айқындалып, дәлелдене түсті.
Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдерінен бастап бүгінге дейін қазақстандықтардың өмір сүру сапасы, ақшалай табыстары, орташа жалақы, зейнетақы көлемі, депозиттегі салымдардың мөлшері бірнеше есеге өсті. Бір сөзбен айтқанда Қазақстан соңғы жиырма жылда динамикалық өсімнің жарқын үлгісін көрсетті. Елде діни-конфессия және ұлтаралық татулық пен тыныштық орнады. Осындай жетістіктердің арқасында Елбасы әлемде мықты саясаткер, нағыз көшбасшы ретінде танылды. Осы ретте саяси аренадағы әлемдік лидерлердің Н.Назарбаев жайлы айтқан пікірлерін келтірген жөн болар. Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарэт Тэтчер « Бүгінгі таңда әлемде ықпалды бес-алты ірі саясаткер болса, солардың арасында Н.Назарбаев та бар. Мен оған сенемін және Қазақстанда атқарып жатқан істеріне толық қосыламын» десе, Сингапур үкіметінің бұрынғы аға министрі Ли Куан Ю: «Президент Назарбаев – кеңестік саясаттағы жарқырап шыққан жарық жұлдыз, республикалар арасындағы ірі тұлға. Қазақстан көшбасшысы жігерлі, тәжірибелі, жылдам шешім қабылдайтын, тартымды, талантты, қайратты өзге елдер мойындаған адам. Республиканың тізгіні Назарбаевта болды деген сөз Қазақстанға жетістікке жету сәті анағұрлым жоғарылай түседі» деген жылы лебізін қалдырған.
Сондықтан еліміздің ендігі бағыты – Ұлт көшбасшысы салып кеткен сара жолдан айнымай, межелеп берген жарқын болашаққа қарай нық сеніммен алға басу.

 

Берік БЕКЖАНОВ,
«Шымкент қаласы
кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар
бірлестігінің төрағасы

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.