Елбасы - кемеңгер көшбасшы

Понедельник, 30 Ноябрь 2020 10:11 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2899 раз

«Елбасы» сөзі ұлт көшбасшысы деген ұғыммен пара-пар. Ұлт көшбасшысы тұтас бір елді бейбітшілікте біріктіріп отырған ұлы саяси лауазым иесі. Менің елім - тәуелсіз Қазақстан. Аяқ басып дербес мемлекет болғанына жиырма тоғыз жыл болса да әлемнің үздік 30 еліне кіріп, басқа мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орната білген қазақ тарихында аты жазылған кемеңгер тұлға - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

860

 

Халықтың сеніміне кіріп, оған жағдай жасап, қалауын табу - екі адамның бірі жасай беретін іс емес. Жас кезінен бастап ол стратегиялық ойлау қабілетімен, кез-келген іс-әрекетте жетістікке жете алатын ерекше қасиетімен дараланды. Оның шынайы табандылы тыңбай еңбек етіп, саяси мәселелерді дұрыс шеше білуінде байқалады. Біз әр уақыт оның жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігінің, адамдық қарапайымдылығының, өзін-өзі ұстауы мен тәуекелге беріктігінің куәсі болып отырмыз. Бұл сипаттаулар Нұрсұлтан Әбішұлын туған еліне, халқының әл-ауқаты мен еліміздің гүлденуіне, өзі танытқан Қазақстанның жалпыұлттық көшбасшысы болуға септігін тигізеді.
Мына біз, жастар үшін, бүгінде ол еңбексүйгіштік пен табандылық нәтижесінің тірі үлгісі болуы тиіс. Бүгінгі Қазақстан – оның тынымсыз еңбегінің жемісі екені сөзсіз. Қойылған мақсаттарға жету үшін қандай үлкен шыдамдылық пен қанша күш жұмсалғанын елестету қиын! Бұл оның Қазақстанның құрылысы мен дамыған ел болып бой көтеруіне қосқан зор үлесін көрсетеді.
«Нұрсұлтан Әбішұлы саясатта бұрыннан бар, ол саясатқа кеңес дәуірінен бастап келді. Мені таң қалдырған және таң қалдырып келе жатқан бір нәрсе – ол өте заманауи адам болып шықты... Мен жақында өзіме Нұрсұлтан Әбішұлының тағы бір қасиетін аштым. Ол белгілі жағдайларда сентименталды адам бола алады. Бұл оның адами қасиеттерін жоғалтпағанын білдіреді. Ол сонымен қатар халқына өте адал жан. Кез келген мәселені талқылай отырып оның қарапайым адамдарға қалай әсер ететіндігін ойлап отырады» деп ой түйеді әлемдік әріптесі Владимир Путин. Ел ағасы туралы жақсы пікір қалдырып, жұмысына оң көзқараспен қараған әлемдік саясаткерлер аз емес. Тіпті Ұлыбританияның экс премьер-министрі Маргарет Тэтчер елбасы туралы «Қазір жаһандық саясатта 5-6 ірі және ықпалды саясаткер бар. Солардың бірі – Нұрсұлтан Назарбаев. Мен оған сенемін және оның барлық бастамаларын қолдаймын» деп еңбек жолына сәттілік тілеген. Бұл пікірлерден-ақ біздің кемеңгер көшбасшымыз тек ел ғана емес әлем мойындайтын шешімдердің авторы әрі оны іске асырушы стратег екенін байқаймыз.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында экономикасы дамыған және демократиялық негізі бар мемлекетке айналды. Ел таңдаған Президенттің арқасында Қазақстан қазір ядролық қарудан бас тартып, оның салдарынан бірте-бірте айығып келеді.
1995 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты - елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ету. Ұйымның беделі халықаралық деңгейде мойындалып, елімізге келген БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан Қазақстанды «Басқа мемлекеттер үшін ұлтаралық келісімнің тұрақты, орнықты дамуының үлгісі» деп атады. Бұл да Елбасымыздың өз кезінде жеткен жетістіктерінің шыңы болып табылады.
Қазақстанның басты жеңісінің бірі – Нұр-Сұлтан қаласының құрылысы. 1999 жылдың өзінде-ақ сол кездегі астана әлемдік деңгейде мойындалды. Қала ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» марапатына ие болды. Бұл марапат әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда қысқа мерзімде үлкен нәтижелерге қол жеткізген планетаның жаңа қалаларына беріледі. Бүгінде Нұр-Сұлтан - жай әкімшілік орталық емес, ол еліміздің тәуелсіздігі мен дамуының нышаны. Қала халықаралық саяси және мәдени оқиғалардың алаңына айналды.
Елбасымыз көрші елдермен тығыз дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға бар үлесін қосты. Республика беделді және ықпалды халықаралық ұйымдардың қатысушысы болды. Олардың арасында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕАЭО, БЭК, ҰҚШҰ, ЭЫДҰ бар. Қазақстан он жылдық үзілістен кейін ЕҚЫҰ саммиті өткен Орталық Азия өңіріндегі алғашқы ел болды. Оны өткізу елдің және Тұңғыш Президенттің халықаралық аренадағы беделін нығайтты.
Нұрсұлтан Әбішұлы спорт және мәдениет саласына да көптеген жаңалықтар әкелді. Жастарға көп көңіл бөлді. Осыған байланысты 2019 – жастар жылы деп бекітілді. Елбасы тапсырмасымен көптеген жастар әр түрлі ұйымдастырылған бағдарламалар арқылы өз білімдерін шыңдап, ел үмітін ақтауға тырысты. Кемеңгер көшбасшымыз оларға мотивация ретінде де таныла алды. Жастар жылы аясында өзімнің де студенттерім көптеген олимпиада, конференцияларға қатысып, жүлделі орындарды иемденді. Сапалы білімді жоғарыға қойып, бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды даярлауды оқу орындарына тапсырды. Осы орайда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Елбасының батыл бастамаларына қолдау көрсете отырып, өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім жолында аянбай еңбек етіп келеді. Кафедрамыз ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жастар жылы» аясында ««Мамандығым мақтанышым», «Жастарға айтарым бар» айдары, «Бірлігіміз жарасқан», «Жас кәсіпкер», «Адам мен адамды теңестіретін – білім», «Ұстаздан шәкірт озар», «Жылдың жас ғалымы», «Ел басы – ел тірегі» атты тәрбиелік іс-шаралар өткіздік.
Осынау заманда ел болашағы жастарға қолдау білдіріп отырған ел ағасына алғыс білдіреміз. «Рухани жаңғыру», «Мәңгілік ел» ұлттық идеяларын ұсынып, ескі және жаңа Қазақстанның үлгісін бізге таныстыра білген көшбасшыны ел болып, тұтас ұлт болып біз де қолдауға дайынбыз. Біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеуге белсене атсалысуға міндеттіміз.

М.Тоиева,
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының аға оқытушысы, магистрі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.