Версия для печати

Шымкент қаласының аумағында карантиндік, шектеу шараларын ұзарту және Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Пятница, 04 Декабрь 2020 02:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2058 раз
Оцените материал
(0 голосов)

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

03.12.2020ж.

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

 №44

                                               

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №57 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №57), «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №58 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №58), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №59 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №59), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №59 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 казандағы №61 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №61), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 02 қарашадағы №62 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №62), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының тіркелуінің жалғасуына байланысты, вирусты пневмония ауруының өсуіне орай және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 07 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 21 желтоқсан сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 6 қарашадағы №42 қаулысына келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

1) 3 тармақтың 3.7. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.7. көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану нысандарының және 50 орынға дейін арналған үстелдер орналастырылған үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының (кафе, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофейнялар және кулинариялар), сонымен қатар сауда-ойын-сауық кешендерінің (жеке ғимараттардағы) ішінде орналасқан нысандардың қызметті (келушелірге қызмет көрсету) жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін шектелсін. Қоғамдық тамақтану нысандарында азық-түліктерден дайындық жасау, жинау-дезинфекциялау іс-шаралары қалыпты режимде жүргізілсін. Салтанатты, мерей тойлық жиын іс шараларды өткізуге (корпоративтер, банкет, той, еске алу, туылған күн, мерей той, шығарып салу, құдалық, беташар және тағы басқа), фудкордтардың, банкеттердің өткізілуіне және кальянды пайдалануға тыйым салынсын;

2) 3 тармақтың 3.12. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.12. көрмелерді өткізуге, спорттық, отбасылық, салтанатты, еске алу іс шараларын, жаппай жаңа жылдық іс-шараларды (оның ішінде балалардың таңертеңгілік және мерекелік тойлауды ұйымдастыруға), форумдарды, конференцияларды, семинарларды және адамдардың көп жиналуына қатысты іс шараларды, оның ішінде үйлерде іс шараларды өткізуге тыйым салынғанын қоспағанда, көрермендердің қатысуынсыз бір мезгілде шоғырлану 100 адамнан аспайтын, ҚР БМСДҚ №57 қаулысының талаптарын және тиісті аумақтық Бас санитариялық дәрігерінің келісімі бойынша күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда, Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды (республикалық бірыңғай күнтізбе бойынша) өткізуге рұқсат берілсін»;

3) 3 тармақтың 3.25. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.25.сауда-ойын сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктердің), сауда желілерінің сыйымдылығы 30% аспайтын, бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес, сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмысын шектеп ұйымдастыруды, сауда-ойын сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктердің) жұмысын Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын»;

4) 3 тармақтың 3.26. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.26. цирк, көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, балалардың ойын алаңдары және жабық бөлмелердегі аттракциондар, батуттар және тағы басқалар), букмекерлік конторлар, сауда-ойын-сауық кешендеріндегі, сауда орталықтарындағы, сауда үйлеріндегі мұз алаңдарының, батут және фудкорттардың жұмысына тыйым салынсын. Кинотеатрлардың (сыйымдылығы 30% аспайтын, «InfoKazakhstan.kz», порталда тіркелуін, бетперде кию режимін, әлеуметтік қашықтық сақтаумен, шахматтық ретпен отыруын (2 креслодан кейін) және ҚР БМСДҚ №57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда) сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмысын шектеумен рұқсат етілсін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын. Ашық алаңдағы кинотеатрлардың жұмысы бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда жұмысына қалыпты режимде рұқсат етілсін».

3. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

4. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

5. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

6. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Шымкент қаласының 

Бас мемлекеттік 

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

 

Последнее изменение Пятница, 11 Декабрь 2020 13:53
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.