Версия для печати

СІЗ ЖОЛДАҒАН САУАЛДАР... Избранное

Среда, 13 Январь 2021 04:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3692 раз
Оцените материал
(0 голосов)

unnamed

88Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге арналған «Тұрмыс» бетіне оқырмандарымыздан келіп түсіп жатқан сауалдар аз емес. Оларды тақырыптарға топтастыра отырып, тиісті сала маманының ресми жауабын беруді дәстүрге айналдырып келеміз.
Дегенмен, көбіне оқырмандарымыздан мемлекеттік әлеуметтік төлемдер, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақылар жайына қатысты сауалдар келетіні жасырын емес. Бұл жолы да солардың бірқатарын жариялап, соған қатысты Шымкент қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Әнуар ІЛЕСПАЕВТЫҢ жауабын назарларыңызға ұсынамыз.

 

e4b13e60bc11b49255c4a330821ed0a5dd646d20

«Алтын алқа» ала аламын ба?

Сұрақ: Ұлбике АХМЕТОВА: 

– Мен өмірге жеті бала әкелген анамын. Сол перзенттерімнің бірі осыдан 20 жыл бұрын 27 жасында жол апатынан қайтыс болды. Кезінде «Күміс алқа» алғанмын. Алайда қайтыс болған жетінші баламды қосып, «Алтын алқа» алуыма заңдық тұрғыда негіз бар ма?

Жауап:
– Ұлбике Ахметова апаға 6 баланың анасы – «Күміс алқа» иегері ретінде, көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы кезінде дұрыс тағайындалған.
Ал 7 баласы болғаны, соған лайықты
берілетін «Алтын алқа» мәртебесін алу
мәселесі бойынша тұрғылықты
жердегі әкімшіліктің награда
бөліміне хабарласуы
керек.

 

Зейнеткерлікке екінші рет шықсам...

Сұрақ: Гүлзада АЙТУАРОВА, зейнеткер:

– Зейнеткерлікке кезінде бала санымен ерте шыққанмын. Енді зейнет жасына жеткендіктен зейнетке қайта шығуыма бола ма? Ондай жағдайда зейнетақым қазіргі мөлшерге теңестіріліп, көбейе ме?

Жауап:
– Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына сәйкес, 5 және одан көп баласы бар көп балалы аналар - 53 жасынан зейнеткерлікке шыға алады. Бірақ, қолданыстағы Заң талаптарына сәйкес, көп балалы ана ретінде зейнеткерлікке шығу құқығын пайдаланған ана, екінші рет қайта зейнеткерліке шыға алмайды. Ондай талап заңда қарастырылмаған.

 

«Күміс алқаны» қашан береді?

Сұрақ: Салтанат ЖАНСЕЙТОВА, қала тұрғыны:

– Мен жақында алтыншы перзентімді босандым. Енді маған «Күміс алқа» беріле ме? Ол үшін не істеуім керек? Қайда құжат тапсырамын? Кейбіреулер «құжатты келесі жылы өткізесің» деп жатыр. Осы рас па?

Жауап:
– 6 баласы бар аналарға берілетін «Күміс алқа» мәртебесін алу үшін, алтыншы балаңыз 1 жасқа толғаннан кейін тұрғылықты жердегі әкімшіліктің награда бөліміне хабарласып тиісті құжаттарды тапсыруыңыз керек. «Күміс алқа» белгісімен марапатталғандығы туралы куәлікті алғаннан кейін, көп балалы ана ретінде жәрдемақы тағайындауға өтініш бересіз. Жәрдемақы өтініш берген күннен бастап тағайындалатынын наза-
рыңызға саламыз.

 

ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ КӨБЕЙДІ

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшері артты. Қазақстан Республикасының «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасына сәйкес келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап:
– Айлық есептік көрсеткіш – 2 917 теңге;
– Ең төменгі зейнетақы – 43 272 теңге;
– Ең төменгі төменгі базалық зейнетақы төлемі – 18 524 теңге;
– Күнкөріс деңгейі мөлшері – 34 302 теңге;
– Ең төменгі жалақының мөлшері – 42 500 теңге болып белгіленді.

ЗЕЙНЕТАҚЫ
-7% КӨБЕЙДІ,

ЖӘРДЕМАҚЫ
5% АРТТЫ.

 

WhatsApp Image 2021-01-06 at 16.45.32