Версия для печати

Мектеп оқушылары төлем картасын қайдан алады? Избранное

Среда, 27 Январь 2021 04:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5840 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Өздеріңізге белгілі Шымкент қаласында автобустарда жолаушылар жолақысын ТӨЛЕМ картасы арқылы жүзеге асыру кең өріс алды. Жолкіре жүйесіндегі төлемнің бұл түріне қатысты бастапқы мәселелер өз шешімін тауып, саябырсыған. Алайда, соңғы күндері қала тұрғындары тарапынан «Мектеп оқушыларына, студенттерге арналған ТӨЛЕМ картасын қайдан аламыз?» деген сауалдар жиі қойылуда.

571

 

Бұл орайда қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мектеп оқушылары мен студенттік ТӨЛЕМ картасын алу үшін арнайы құрылған @TolemCardRegisterBot немесе «Электронное билетирование» Телеграм-ботта көрсетілген барлық сұрақтарға дәйекті жауап беруі керектігін хабарлаған болатын.
Бірақ, бұл жүйеден де техникалық ақаулар болып жатқан сияқты. Оқырмандардың сауалына «Шымкент қаласының Ситуациялық Ikomek109 орталығы» КММ-сінің директоры Азат ӘМІРТАЙ былай деп жауап береді:

– Мектеп оқушыларына Төлем картасын қайдан, қалай алу керектігін сұрап 109 телефон нөміріне де хабарласушы тұрғындар өте көп. Айта кету керек, оқушылар мен студенттер үшін Төлем картасы болмаған жағдайда 100 теңге төлеу міндеті наурыздың 1-інен бастап жүзеге асады. Әзірге, бұрынғысынша жеңілдетілген тарифте төлеуіне мүмкіндігі бар. Ал Төлем картасын мектеп оқушысы өзі оқитын мектепке (сынып жетекшісі арқылы) өтініш беру арқылы алуына болады. Сонымен бірге, ТӨЛЕМ фронт-офисіне барып, сол жерде өтініш беру арқылы алуына да мүмкіндігі бар. Бұл уақытты үнемдеуіңізге мүмкіндік береді. ТӨЛЕМ фронт-офисінің мекенжайы Шымкент қаласы Әл-Фараби алаңы, 9 үй.
– Бірқатар ата-ана «Мектептен мұғалімдер тізім жасап алған. ТӨЛЕМ картасын мектеп арқылы алуға кезек күтіп отыра берейік пе, әлде...» дейді.
– Ата-аналардың қобалжуын түсініп отырмын. Бұған дейін «1 ақпанға дейін ТӨЛЕМ картасы болмаса мектеп оқушылары 100 теңге төлейтін болады» деп хабарланған. Осыны естіген ата-ана тездетіп баласына ТӨЛЕМ картасын алуға асығып отырғаны белгілі. Бірақ, жаңа айтып өткенімдей, мектеп оқушыларына арналған ТӨЛЕМ картасын алып үлгеру мерзімі 1 наурызға дейін ұзартылды. Сондықтан мектептегі тізім арқылы алса да Төлем фронт-офисіне барып алса да ата-аналардың өз таңдауы, әрі белгіленген уақытқа дейін үлгереді деп ойлаймын. Дегенмен, картаға ие болудың ең тиімді жолы –Төлем фронт-офисіне барып өтінім қалдыру.

– Студенттер ше? Мысалы, оқу орны басқа қалада (Алматы, Астана) бірақ, қазіргі жағдайға байланысты онлайн оқып, Шымкентте уақытша жүрген студенттердің Төлем картасын алу жағдайы қалай болмақ?

– Басқа қалаларда оқитын, бірақ елімізде қалыптасқан карантиндік шектеулерге байланысты Шымкентте үйінде жүрген студенттерге жеңілдетілген студенттік ТӨЛЕМ картасы әзірге жоқ. Бірақ, бұл мәселе бойынша жұмыстар істелуде. Мәселені шешу жолдары қарастырылуда.

– Оқырмандардан келіп түскен сауалдың тағы бірі №40 автобустың жайы. «Бұл автобуста үнемі владиатор істемейді. Кондутордан Төлем картасы қабылданбайды» деген жауап естиміз» деп шағынады. Жалпы, интернет желісі ұстамайтын шағынаудандарға қатынайтын автобустардағы бұл мәселе қашан шешіледі?

– Иә, автобустардағы валидатордың кейде істемей қалатыны бар. Әсіресе, оқырмандарыңыз айтып отырғандай бұл қала маңындағы шағынаудандарға қатынайтын автобустарда жиі кездесетін жағдай. Бұл мәселе бойынша сала мамандары барлық жағдайды қарастыруда. Таяу күндері интернет желісі ұстамайтын шағынаудандарға қатынайтын автобустарға қосымша тағы басқа оператордың SIM-картасы қойылады.

– Бұл көптің көкейіндегі сауал. Автобустағы валидатор істемесе, жолаушы не істеуі керек?

– Егер сіз отырған қоғамдық көлікте Төлем картасын қабылдайтын терминал да, мобильді стационар да істемей тұрса, сіз бекітілген тариф бойынша 70 теңге төлейсіз. Сондай-ақ, терминалда ақау туындаған жағдайда автобус жүргізушісі техникалық сервис командасын шақыртуға міндетті. Осылайша 1 сағат ішінде аппарат қалыпты режимде жұмыс істеуі керек. Егер сіз мінген автобуста бұл келеңсіздік үнемі қайталанса, 109 номеріне хабарласып, сол автобустың нөмірін айтып, шағымдана аласыз. Шағымыңызды Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы назарға алып, шара көретін болады.

– Мән-жайды түсіндірген- іңізге рахмет.