«BUSINESS LADY QAZAQSTAN» Алғаш рет ШЫМКЕНТТЕ

Пятница, 05 Март 2021 05:44 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4933 раз

Business Lady Qazaqstan» республикалық байқауы жыл сайын еліміздің түрлі аймақтарында өтіп, жеңімпаздар елордада гала-финалда өз аймағын таныстырады. Биыл байқаудың қорытындысы алғаш рет үшінші мегаполисте өтеді.

Business-Lady-Qazaqstan

Кәсіпкер қыз-келіншектерге арналған жаңалықты «Business Lady Qazaqstan» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сәуле Қайсар мен Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева баспасөз жиынында мәлімдеді.

–Осыған дейін өткізілген байқауларға ауылдық жерлерден 200-ге жуық әйел қатысты. Онда кәсіпкер әйелдер үшін оқыту, шеберлік-сабақтары ұйымдастырылып, оның қорытындысы гала-финал – «Жыл кәсіпкері» атағы үшін жарыс болып табылады. Онда қатысушылар бизнестегі өз дағдыларын көрсету және шығармашылық әлеуетін паш ету мүмкіндігіне ие болады, - дейді С.Қайсар.

Байқауға қатысушылармен кәсіби заңгерлер, бизнес-жаттықтырушылар, шешендік шеберлік бойынша коучтер, психологтар, сондай-ақ стилистер, родологтар және басқа да мамандар жұмыс істейді.
«Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева аталған байқаудың әйел қауымына тигізетін пайдасы, беретін мүмкіндігіне тоқталды.

–Осындай іс-шараларды өткізу тәжірибесі бизнес өкілдерінің, әсіресе ауыл кәсіпкерлерінің білім мен дағдыларға қаншалықты мұқтаж екенін көрсетті. Мұндай тәжірибе байқау ұйымдастырушыларына облыс қалалары мен аудандарындағы кәсіпкерлік белсенділікті бағалауға және талдауға, әйелдердің негізінен қандай кәсіпкерлік салаларына (аймақтарда әр түрлі) тартылатынын, олар қандай білімге мұқтаж екенін, бизнесті жүргізу кезінде қандай проблемаларға тап болатынын білуге мүмкіндік берді, - деді Зәуре Абдухамитқызы.

Брифинг барысында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу рәсімі өтті. Гала-финал Шымкентте 2 сәуірде өтеді, оған Қазақстанның әр аймағынан шағын және орта бизнестің 13 өкілі қатысады.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.