Версия для печати

Алғашқы тікелей сайлауға зиялы қауым өкілдерінің көзқарасы қалай?

Пятница, 09 Июль 2021 09:31 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2565 раз
Оцените материал
(0 голосов)

tikelei-sailauga-kozkaras

2021 жылдың шілде айының соңғы он күндігінде ауыл әкімдері сайланады. Бұл ретте кандидаттарды ұсыну сайлау жарияланғаннан кейін келесі күні басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін 15 күн бұрын аяқталады. Яғни ұзарту мерзімінің ұзақтығы 14 күнге дейін жетуі мүмкін. Осы уақыт ішінде кандидат тіркеуге қажетті құжаттарды жинаумен айналысады. Ал, алғашқы тікелей сайлауға зиялы қауым өкілдерінің көзқарасы қалай?

Гүлжан Сүгірбаева – ОҚМПУ ректоры:
–Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын қаржыландыру жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырылады.  Үміткерлер Қазақстан азаматы және жасы 25 –тен  жоғары болуы тиіс. Сондай-ақ, соттылық, жұмысқа қабілетсіздік сынды керағар мінез-құлққа да шектеу қойылады.

Сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде қорытынды шығарылады, жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеу жүзеге асырылады. Бұл ретте сайланған әкімнің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.

Айта кетейік, кандидаттарды тіркеу сайлау күнінен 10 күн бұрын аяқталады. Осы кезеңде аумақтық сайлау комиссиясы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді. Сайлау күнінің алдындағы соңғы онкүндікте үгіт-насихат іс-шаралары, тіркелген кандидаттар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар және сайлауға дайындық жүзеге асырылады.

Последнее изменение Пятница, 09 Июль 2021 09:39
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.