ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНА ЖОЛДАУ БАСТАМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Пятница, 17 Сентябрь 2021 05:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1929 раз

Шымкент қаласының Абай ауданында ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топ «КазТрнасГазАймақ» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

772

 

Кезекті кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауда атап өткен елдің экономикалық дамуын көздеген басты бағыттары мен бастамалары кеңінен талқыланды.

Аудандық ақпараттық-насихаттық топ Жолдаудағы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы біліммен қамту, өңірлік саясатты жетілдіру, ауыл шаруашылығын қолдау және тағы басқа негізгі басымдықтары бойынша Акынбеков Мурат Мыктыбекұлы атап өтті.

Кездесу соңында КазТрансГазАймақ АҚ бөлім басшысы Дінмұхамед Сейткаримов Жолдауды жүзеге асыруда қала тұрғындары ынтымақ пен бірліктің арқасында үдесінен шығатынына сенім білдіріп, жиынды қорытындылады.

Аталған бағыттағы ақпараттық-насихаттық топ жұмыстары аудан аумағында жоспарға сәйкес, жүйелі түрде жалғасатын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.