Версия для печати

Тоғыс тұрғындарына Жолдауды насихаттау бойынша жиын өтті

Пятница, 17 Сентябрь 2021 00:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1583 раз
Оцените материал
(0 голосов)

togys-zholdau

Еңбекші ауданында ҚР Президентінің халыққа Жолдауын насихаттау жұмыстары жалғасуда. Тоғыс тұрғын алабында орналасқан №120 мектепте осы аумақта тұратын зиялы қауым өкілдерінің және тұрғындарының қатысуымен кезекті кездесу өтті.

Кездесуде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің проректоры, доцент Сәкен Мәжінбеков Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады.

-Ауыл шаруашылығымен айналысатын аймақтар, оның ішінде мал шаруашылығымен айналысатындар экономикалық дамуда бірқатар қиыншылықтарға тап болып отыр. Қазақстан Республикасының барлық аймақтарын теңгерімді түрде дамытуға негізделмей, елдің экономикасының артуы және халықтың әл-ауқатының жоғарылауы сөз жүзінде қалып қоятын іргелі мәселелерге айналып келеді. Осы өткір мәселе Мемлекет басшысы

Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерілуі өзекті де өміршең болып табылады. Бұл бағыт бойынша Президент, «Жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейту, егіс алқабына әр жылы әртүрлі дақыл егу талабын сақтау үшін тиісті бақылауды күшейту, ғарыштық мониторинг және қашықтан зондтау мүмкіндігін кеңінен қолдану, жайылымдық жерді тиімді пайдалану маңыздылығын атап өтті, — деді С. Мәжінбеков.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.